Соловьев Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жауап қайтарды - Exclusive
Поддержать

Соловьев Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жауап қайтарды

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьев өзі жүргізетін бағдарламада саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің пікіріне түсініктеме берді.

«Россия 1» телеарнасындағы бағдарламада Дробницкий Ресейдің Украинадан кейінгі мәселесі Қазақстан деп атады. Дробницкийдің пікірінше, қазақ жерінде де Украинадағыдай нацистік процестер басталуы мүмкін.

– Маған шамадан тыс эмоционалды болу ұнамайды. Менің бағдарламамда Дмитрий Дробницкий Қазақстанда туралы өз пікірін айтты. Бізде сөз бостандығы бар. Ол мемлекеттік қызметкер емес, өз ойын білдірді. Ұнасын-ұнамасын бұл Дмитрийдің өз көзқарасы, – деді Соловьев.

Айта кетейік, кеше Ресейдің «Россия 1» арнасындағы «Вечер с Владимиром Соловьевым» саяси ток-шоуында саясаттанушылар Ресейдің келесі проблемасы – Қазақстан деп атады.

– Біздің келесі мәселеміз – Қазақстан. Себебі, ол жерде де Украинадағы секілді ұлтшылдық процесі басталуы мүмкін. Қазақ жерінде орыстар өте көп. Семей мен Росатомның ядролық материалдары да сол жақта, – дейді сарапшылардың бірі. 

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Россия 1» арнасында «сарапшылардың» «Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» деген мәлімдемесіне жауап берді.

– Біздің ойымызша, бұл біріншіден, Ресей билігінің ресми ұстанымы емес. Екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі тығыз қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Үшіншіден, Ресей билігінің оған реакция білдіргені жөн деп санаймыз, – деді Роман Василенко.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.