Түркия азаматтығын алуға «өтініш берді» деген Бекболат Тілеухан мәлімдеме жасады - Exclusive
Поддержать

Түркия азаматтығын алуға «өтініш берді» деген Бекболат Тілеухан мәлімдеме жасады

Түркия азаматтығын алуға «өтініш берді» деген экс-депутат Бекболат Тілеухан мәлімдеме жасады. Бұған БАҚ-та дейін Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығына өтініш берді деген ақпарат тараған еді.

Әлеуметтік желідегі парақшасында аудиожазба жариялаған ол қызу талқыға түсіп жүрген әңгімеге қатысты жауап берді.

– Ақылға сыймайтын нәрсеге ел нанбайтын шығар деп ойладым. Ел иланып жатыр. Қадірлі бауырлар, мен ешқандай бөтен елдің азаматтығына өтініш бергенім жоқ. Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. Көк паспорттан айырылатын ойым жоқ. Бұл сайқал саясаткерлердің жаласы, нанбаңыздар, – дейді Бекболат Тілеухан.

Фото: parlam.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.