Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін - Exclusive
Поддержать

Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін

Түркия Анкараға қатысты арандатушылық әрекеттерге байланысты бес-алты айдан кейін НАТО құрамынан шығуы мүмкін.

Бұл туралы Түркияның Отан партиясы төрағасының орынбасары Этхем Санджак мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz enbursa.com-ға сілтеме жасап.

– Кейінгі оқиғалар бізді осындай әрекет жасауға мәжбүр қылды. Олар бізді көршіміз Грециямен қарсы қоюға тырысады. Түркия бес-алты айдан кейін НАТО-дан кетеді. ТШвеция мен Нидерландыда Құранға қарсы әрекеттерді көрген боларсыздар, – деді Санджак.

19 қаңтарда Отан партиясы «НАТО-дан шығайық» атты акция бастады. Акция аясында Түркияның бірқатар қалаларында тиісті петицияларға қол қою үшін үстелдер орнату жоспарланған. Сондай-ақ Түркиядағы НАТО базаларына қарсы наразылық шеруі өткізілетін болады.

«Отан» партиясы бірнеше рет Түркия билігі АҚШ-тың әскери базаларын жабуды, сондай-ақ АҚШ-тың F-16 зымырандарын сатып алу туралы өтінішті қайтарып алуды талап етті.

Фото: риа




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.