Түркия жерінде тағы да жер сілкінді - Exclusive
Поддержать

Түркия жерінде тағы да жер сілкінді

Түркияның солтүстік-батысындағы Болу провинциясында 4,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 13.55-те тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі аталған провинцияның әкімшілік орталығының маңындағы Қызылағылда болды.

Сейсмологтар 2030 жылға қарай 16 миллион адам тұратын Түркияның ең үлкен мегаполисінде үлкен жер сілкінісі болуы мүмкін деп ескертті.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында, Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,5-тен асатын екі жер сілкінісі болды. Түркия Республикасы тарихындағы ең ірі табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 49 мың адамнан асқан.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.