Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады - Exclusive
Поддержать

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келді.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, әуежайда мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды.

Аталған орында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтеді.

Фото: Борт 01




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.