Тоқаевтың Ресейге қатысты ұстанымдарын дұрыс қабылдаймын – Қосанов - Exclusive
Поддержать

Тоқаевтың Ресейге қатысты ұстанымдарын дұрыс қабылдаймын – Қосанов

Танымал саясаткер Әміржан Қосанов сұхбат беріп, референдум, партиялар, Нұрсұлтан Назарбаев, сайлау, оппозиция туралы пікір білдірді.

Әміржан Қосанов Тоқаевтың ҰҚШҰ, Еуразиялық Одақ, Ресейге қатысты ұстанымдарын дұрыс қабылдайтынын айтты.

– Қазіргі таңда Тоқаевты Ресейге қатысты әсіре ұлтшылдар сынайды ғой. «Неге Мәскеуге барады? Неге ол Путинмен кездеседі?» деп жазады. Оның артында мемлекеттік мүдде жатыр. Санасуың керек. Мемлекеттігімізді сақтап қалу керек. Путиннің Украинаның жерін басып алады деп кім ойлады? БҰҰ тұрған кезде, Будапешт келісімі барда тәуелсіз мемлекеттің шекарасын қалай аттайды деп ойладым. Қазір ондай қауіп бізде де бар. Менде қазақпын, ұлтшылмын. Қытайға қатысты айтарда 1,5 млн бауырды ойлауымыз керек, Ресейге қатысты айтарда 900 мың қазақты ойлауымыз керек. Олардың тағдыры қалай болады. Өз басым Тоқаевтың ОДКБ, ЕО, Ресейге қатысты ұстанымдарын дұрыс қабылдаймын, — деді Қосанов.

Сондай-ақ, саясаткер Ресейдің ендігі келетін президенті қандай басқару жүйесін таңдайтынын айтып, Путиннің түбіне кім жетерін болжады.

– Саясат найза бойламайтын терең нәрсе. Путинді көшеге шыққан халық емес, Ресейді жеккөрінішті қылғаны үшін Кремль маңайындағы олигархтар түбіне жетеді. Одан кейін келетін адам Путиннің саясатын ұстанбайды. Ол либералды тұрғыда басқарады. Демек, баяғы Ельциннің либералдық элементтеріне келеді. Жаңа келген президент ұлттық әкімшілік округтерге еркіндік береді, — деді ол.

Фото ашық деректерден




10 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Ресеймен достық қарым қатынаста болуымыз керек. 7 мың шақырым шекарамыз бар. Экономикамыздың басты-басты қағидалары Ресей экономикасымен тығыз байланыста екені айдай анық. Басқа жол жарға жығардай қауіп — қатері көп. Осыны естен шығармауымыз абзал. Ал, саясатқа келер болсақ, Ресейдің жетегінде кетіп, тәуелсіздігімізден айрылып қалмау жағын ойластырғанымыз жөн. Саясат күшпен емес, ақыл-айламен жүргізілетін өнер деседе болады. Қазіргі заманның саясаты осыны талап етеді. Жол таба алсақ, көп векоторлы саясатты ұстану құба-құп болар еді.

  2. Логикаңыз дұрыс. Өткен президентік сайлауда да терең ойланып,сайлауға түспейақ қойсаңыз болар еді.Енді бәрі кеш.

  3. Бүкіл əлем агрессорды әлсіретіп оның шовинистік пигылдары жойылғанша күреспекші. Бұл тек біз сияқты
    диктаторлық мемлекеттерге ғана тән əңгімелер. Және соларға қызмет ететін қосановшылар. Ресей түптің түбінде ыдырап ядролық құқығынан айырылады. Сонда біздің кеңістікте демократия орнайды.

  4. «Қазіргі таңда Тоқаевты Ресейге қатысты әсіре ұлтшылдар сынайды ғой» және «Менде қазақпын, ұлтшылмын» — осы екі сөйлемі бұның кім екнін айтып тұр ғой