Жаңа Қазақстан – естен толық кетпеген ескілік құбылыс - Exclusive
Поддержать

Жаңа Қазақстан – естен толық кетпеген ескілік құбылыс

Көптеген БАҚ-ы ұзақ уақыт бойы үнсіздік танытса, да, Қарағанды облысының тұрғындары бұл уақытта тараптарды жіті қадағалай отыра, отандық баспасөздің алғашқы легінен көріне білген-ді. Әрине, ағайынды егіз-бауырластардың қолдарына кісен салынатыны шындықтан алшақтау көрінгенімен, аталған оқиғаның, яғни атышулы ат үстіндегі «жасырын» соғыстардың қиян-кескі қақтығыстар мен соғыс келіссөздеріне айналғанын айқын көрсетіп отыр. Нәтижесі немен, қалай тынарын ешкім дөп баса айта алар емес. Неліктен мұндай қорытындыға келіп отырмыз?

Бастысы себеп болса болғаны – барлық құпия айқын болады

Ақпараттық себептерден бастасақ. Күні кеше ғана ҚазТАГ-қа сілтеме жасай отырып, ағайынды Нығматулиндер рейдерлікке байланысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп, фигурант болып танылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Ақпарат көздерінде атап өтілгендей, іс фабуласы Ерлан Нығматулин мен Қуат Сұлтанбековтің арасындағы өзара қарым-қатынас болып табылатындығы анықталды, ал тергеу ісімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты айналысып жатқан көрінеді. Біз өз тарапымыздан мұндай фактінің маңыздылығын, сондай-ақ істің осы жылдың сәуір айында басталғанын атап өтеміз. Өйткені, дәл сол уақытта, атап айтқанда осыдан төрт ай бұрын монополияға қарсы қызметтің қызметкерлері ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі – аммофосқа «бағаны айтарлықтай жоғары және негізсіз көтеру» фактісі бойынша «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген болатын-ды. Кейін белгілі болғандай, Нұрлан Зайроллаұлының ұлдары – Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтар бағаның көтерілуінен пайда тапқаны белгілі болды. Айтпақшы, шамамен бір ай бұрын Бас прокуратура «Т697 млн. сомасына монополиялық табыс алуларына байланысты» қылмыстық іс фигурантына айналғанын хабарлаған-ды.

Негізінде, соңғы айлар мен апталарда «Нығматулиндерге» қатысты көптеген фактілерді еске түсіруге әбден болады, олардың көпшілігі шындыққа айнала бастаған жағымсыз әрекеттермен тығыз байланысты болып отыр. Алайда нақты Сұлтанбековке қатысты мұндай оқиғаны 11 шілдеде, оның елорданың тергеу изоляторында отырғанын айтып, мәлімдеме жасағанымызды атап өткен жөн. Өйткені, Ерлан Нығматулиннің – «Балқаш мысығы» деген лақап атпен танымал, бұрынғы бизнес-серіктесіне қатысты қылмыстық іс (жасырын тапанша салып жіберген) ойдан шығарылып, қолдан жасалынған, сөйтіп ол 3,5 жылға сотталып кете барған. Қуат Сұлтанбеков осылайша заңға қайшы – жазасын өзінің туған жері Қарағанды облысында «өтемей», ШҚО-ның колонияларының біріне «этаппен тоғытылған». Колонияда оған режимді қасақана бұзды деген айып тағылып, қамақ мерзімін ұзарта бастады, ал қазір оған қарсы куәлік еткен бұрынғы камераластары, өз кінәларын мойындап, істеріне өкініп отырған көрінеді.

Бірнеше күн бұрын Астанада сот процесі болып өтті, сөйтіп Сұлтанбеков ақталып шыққан болатын. Қазір ол қолдағы мәліметтер бойынша медициналық тексеруден және оңалту курсынан өтуде. Әрине, өмірінің 10 жылын түрмеде өткізу кез келген адамның денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін екінің бірі жақсы біледі. Біз оның бостандыққа шығуының егжей-тегжейлі себептерін білмейміз (әзірше), бірақ «Балқаш мысығының» бір ғана жалғыз тілегі, адвокаттарының күш-жігері және туыстарының іштей жасаған дұға-тілектері мұндай ұзақ шексіз мерзімді үзу үшін жеткілікті болды деген болжам жасауға мүмкіндік бермейді. Оның үстіне, кейбір мәліметтерге қарағанда, істі қайта қарауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бастамашылық танытқан көрінеді. Мұндай оқиғаның мән-жайы– Нығматулиннің үстінен президент Назарбаевтың атына жазған арызы бойынша екі рет «сот психиатриясының» репрессиясына ұшыраған, балқаштық құқық қорғаушы Зинаида Мухортоваға қатысты қозғалған іске қатты ұқсастығы бар тәрізді көрінеді.

КҮЛкілі істер

Әрине, осы уақытқа шейін Қарағанды ​​облысын шарлап жүрген әрі Балқаш қаласын дүр сілкіндіріп, дүрліктірген қауесеттерге сенер болсақ, ағайынды егіз-бауырлардың артынан Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарының белгілері бар басқа да істер жетіп артылатын көрінеді. Алайда, осы уақытқа дейін жәбірленушілердің көпшілігі үнсіз қалуды жөн санайтын көреді. Олардың кейбірі «ескіні қалпына келтіруді» қуана-қуана құптағанымен, олардың қолдарында, мәселен, 20 жыл бұрын сол Балқаштағы базарды рейдерлік әрекетпен тартып алуы туралы құжаттары сақталмаған. Осындай мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келетіндер де жетіп жығылады, бірақ олар жарқырап көрінгілері келмейді, айталық солардың бірі, осыдан бір ай бұрын «кенеттен» толық ақталып шығуға ниет танытқан әрі сотта кешірім сұраған (сол кездегі президенттен) Қарағанды ​​облысының экс-әкімі (сондай-ақ) бұрынғы премьер-министр болған) Серік Ахметов.

Мұндай оқиға аясында Матаевтардың, яғни әкесі мен баласының басынан өткен оқиғасы мүлдем басқа қырынан көрінеді. Олар осыдан алты жыл бұрын мәжілістің сол кездегі спикері Нұрлана Нығматулинді тікелей өз қырсықтарының тапсырыс берушісі деп атаған еді. Айтпақшы, 2016 жылы Матаевтардың ісін сол кезде Қожамжаров басқарған сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жүргізген болатын-ды. Қайрат Пернешұлы, әрине, ерекше назар аударуға лайық тұлға, біз оның жеке тұлғасына қайта оралатын боламыз. Оның үстіне, кейбір мәліметтерге сәйкес, бұған басты себеп те болуы мүмкін, бірақ әзірге Нығматулин-Қожамжаров арасындағы тығыз байланыс көптеген жылдар бойы табысты жұмыс істеді деп айтамыз, сондықтан ағайындылар өздерінің жазасыз қалғандарына сенімді болып қана қоймай, сондай-ақ олар бас қаржы полицейі мен «Назарбаевтың жеке жасағының» кез келген адамды оқшаулай алатынына күмәнданбайтын секілді.

Жалпы, Матаевтарға қатысты оқиға Нығматулиндердің БАҚ өкілдерімен арпалысқан жалғыз оқиғасы емес. Қарағанды ​​облысында мұндай құбылыстар барынша тазартылып тынған-ды, республикалық деңгейде Нұрлан Зайроллаұлы Президент Аппараты басшысының орындығын алған сәттен бастап ақ тәуелсіз баспасөзге деген өзінің жағымсыз пиғылын толық көрсетті. Алайда, Парламенттің төменгі палатасының спикері журналистерге шыдамдылық таныта бастаған сәтте, мұндай жағдайдың оғаш көріне бастағаны белгілі. Оның үстіне мұндай әрекет тек «паркетке» ғана көрінген жоқ. Сондықтан, біздің әріптестеріміз бен қоғамның бір бөлігіне бұл елес тәрізді қабылдана бастады, демек ол өзгере бастады және жаңа президенттің «ести алатын мемлекет» туралы тапсырмасына сәйкес жоспарды асыра орындады деген пікір орын алды. Шын мәнінде, бұл бұдан да сәл күрделі құбылыс екені белгілі.

Бұқаралық ақпарат құралдарына деген ашықтық кейіпкеріміздің бойында, депутаттар алдында сөз сөйлеу үшін парламентке келген министрлерге сыни көзқарасының көрінісімен бір мезгілде тұспа-тұс келіп отыр. Мұндай әрекет баспасөзге ұнай бастады. Дейтұрғанмен көзі қарақты оқырман спикердің жай ғана «көпшілік үшін ойнап жүргенін» бірден аңғара бастады, өйткені министрлер кабинетінің мүшелерін жағаларынан алу әрекетінің жалғасы болмаған еді. Қалай болғанда да, Нығматулиннің-парламенттік имиджінің тұрақты түрде өсе бастағаны белгілі және ол еліміздегі ең ықпалды бес адамның қатарына сенімді түрде ене бастады, дегенмен заң жүзінде ол билік иерархиясында №3-ші болғанын атап өтеміз. Президенттің (сол сәттегі Тоқаевтың) басынан әлдеқандай оқиға болып өткен болса, ал сенаттағы әріптесі белгілі бір себептермен мемлекет басшысы қызметін уақытша атқара алмайтын болса, міне мұндай сәтте Ақордаға Мәжіліс төрағасы келер еді.

Алдын ала берілген соққы

Бүгінгі әңгімеміздің осы сарындағы бөлігін толығырақ сипаттауға болар еді, бірақ біз негізгі тезистерге ғана тоқталғанды жөн санап отырмыз. Шамамен алғанда Матаевтарды қудалау басталған кезде, Нұрлан Нығматулиннің билікке деген амбициясы шегінен шығып, асып-тасыған болатын әрі «Нөл-біріншіге» Дінмұхмед Ыдырысовпен арада болған сұхбаты туралы, яғни президент болуды жоспарлап отырғаны мәлім болған. Ал, өздеріңіз білетіндей Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай әрекеттерді жақтырмайтыны белгілі.

Жалпы алғанда, «Конституциялық төңкерістің» соңғы кезеңі (бірқатар заңдарға, соның ішінде негізгі заңдарға кезекті «өзгерістер мен толықтырулар енгізу») және «Мұрагер» операциясының ресми басталуы Парламенттің екі палатасының билігін өз қолдарына алған Нығматулин – Назарбаеваның сол кездегі мықты тандемін одан бетер нығайта түсті. Алайда, кейін Дариға Нұрсұлтанқызының әрекеттері, яғни «істері мардымсыз күйге айналып» шикіліктер туындай бастады, мұндай жағдай «қалыпты» көрінді. Бірақ қалдық тұнбасының қалып қоятыны белгілі. Содан кейін Қаңтар оқиғасы орын алды. Түрлі болжамдар туындай бастады. Солардың біріне сенсек қазіргі президентке қарсы жасырын, қастандық әрекеттер орын алды деген пікірге сенетін болсақ, онда «билікті басып алудың» ең ықтимал мүмкіндігі мәжіліс спикерінде болды деп пайымдауға мүмкіндік береді. Әрине, Мәулен Әшімбаевты таза заң тұрғысынан алғанда ешкім, тіпті сенат қабырғасында да көшбасшы ретінде қабылдаған жоқ. Алайда, Қасымжомарт Кемелұлының өз сөзімен айтқанда, болған іс болды, бояуы сіңді. Дәлірек айтқанда, болмаған әрекет, болмады.

Бүгінгі күнге оралсақ. Қазір қаңтар оқиғасының қайталануы туралы жиі айтылып жүргені белгілі және бұған объективті де, субъективті де себептер жиналу үстінде. Объективті себептердің қатарына халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына деген үміттерінің үзілуі айтылып жүр, сондай-ақ биліктің қанды қаңтар оқиғасы туралы шындықты айтпағанын да осындай себептерге жатқызуға болады. Ал субъективті тұрғыдан біз билікке кез келген жолмен қол жеткізгісі және бұрынғы жағдайға қайта оралғысы келетіндердің кек алуға ұмтылу ниеті деп түсінеміз. Жоқ дегенде, өзін-өзі сақтау сезімінің көмегімен осындай әрекеттерді жүзеге асыруға болады деген пайымдамыз.

Сондықтан «Жаңа Қазақстанға» қорғанысты нық ұстап, әдіс-тәсілдер мен оны орындаушылардың барлығы бірдей екенін екенін ескере отырып, «Ескіге» қарсы алдын ала соққы берілуі қажет. Бұл жерде бірнеше бағыт анықталып отыр. Біріншіден, бұл кейде Назарбаевтың өзі айналысатын – кландарды бөлшектеу әрекеті, сондай-ақ қазіргі Ақордаға қарсы бірігудің алдын алу шараларының кешені. Екіншіден, бұл мұндай топтарды қаржылық ресурстардан айыру. Биліктің «мемлекеттендіру» және «капиталды қайтару» деген ресми ұрандармен жасырылған көптеген әрекеттері осындай іс-қимылдармен түсіндіріледі. Тағы да айта кетерлік жәйт, Тоқаевтың мұндай бастамалары нақты әрі Назарбаевтың жақын ортасының мүдделеріне – теміржол, мұнай-газ секторы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдарының активтеріне тікелей әсер еткен салаларға қатысты болғанын атап өткен жөн.

Соңғысын жекелеген бөлек категорияға бөлуге болады, өйткені қазір біз баспасөзде белгілі бір лагерьдің жанданып, жекелеген редакциялар мен журналистерге бағытталған мақсатты шабуылдардың куәсі болып отырмыз. Оның үстіне екі тараптан да ақпарат майданы үшін соғыс жүріп жатыр, олардың арасында журналист бауырларымыз да баршылық. Осы жерде Махамбет Әбжанның ісін және Ordy.KZ сайтының бұғатталуын, халықаралық зерттеуші журналистерге қатысты сот ісін, сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерді еске түсіру қажет. Бұл төртіншісі.

Немен аяқталатын болады?

Алдағы болатын сайлау туралы – мейлі парламенттік немесе президенттік болсын, бірақ екеуі де мерзімінен бұрын болатыны белгілі. Бұл жөнінде біз келесі жолы және тек «кек қайтару» сценарийі аясында әңгімелейтін боламыз. Әзірге әңгімені неден бастасақ, сонымен аяқтағанды жөн көріп отырмыз. «Жаңа» алдын алу іс-әрекеттерінің бесінші бағыты – үйреншікті репрессивті сот жүйесін қолдану. Жалпы, Нығматулиндердің қылмыстық іс бойынша фигурантқа айналуы оның түптеп келгенде айыптау үкімнің шығуына әкелетінін білдірмейді. Біз аталған істің материалдарын көзімізбен көрген жоқпыз, бірақ сотқа дейінгі өндіріс сәуір айында басталғанын ескерер болсақ, онда төрт айдың ішінде тергеп-тексеруді тек Қуат Сұлтанбековты босатуға ғана емес, Ерлан Нығматуллинді тұтқындауға дейін жеткізу мүмкін болмады ма? деген күмән туындайтыны рас. Тіпті, іс «фигуранттары» болып саналса да оның жиендері де бостандыққа тайраңдап жүргені белгілі. Сондықтан қарабайыр сауда жүріп жатыр деп болжауға негіз бар.

Ерлан Зайроллаұлының өзі жыл басынан бері Германиядағы виллаларының бірінде тұрып жатқанын мәлімдеп отыр. Кейбір ақпарат құралдары мен жекелеген блогерлер оның сыңарын бірнеше рет шетелге «жіберіп», кейін бірден (ендігі жерде өзгелері) отанына «қайтарып» алғанымен, кейбір ақпарат көздері сыңарының шетелге шығуына шектеу қойылғанын айтады. Тіпті, олардың біреуі немесе екеуі де күдікті деп танылған жағдай да, біздің әділ сот төрелігінің «қолы қысқа» болатыны белгілі, ал фигуранттарға жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік берілетіні сөзсіз шындық. Жалпы, бұл тұрғыда Ныгматулиндер ымыраға келуге және барынша көнуге дайын көрінеді.

Тағы бір айта кетететін жайт – Болат Назарбаев кланының артында тұрғандар (немесе отырғандар) кімдер? Мұндай құбылыстардың соншалықты қарапайым және қарабайыр еместігі белгілі. Президенттің «өліп бара жатқан және «қайта тірілген» інісінің ұрлықтан түскен байлығын ешкіммен бөлісуге ниеті жоқ. Шамасы, оның «Тоқаев пен Ко»-сы әлі күнге дейін ештеңеге қарсы тұра алмайтын белгілі бір айла – амалдары, «көзірлері» бар сияқты. Билік тек жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жауапкершілікті күшейту және қауіпсіздік күштерін қосымша қару-жарақпен қамтамасыз ету және қаза тапқан жағдайда жеңілдіктер берумен ғана шектеліп отыр. Сондай-ақ олар Бергей Рысқалиевпен және оның командасымен өзара қарым-қатынастарынын қайта қарап, «батыстықтарға» қарсы қандай-да бір әрекет жасамақ ниетте. Қалай болғанда да, көп ұзамай біз Жаңа мен Ескі Қазақстан арасындағы қақтығыс туралы болжамдарымызды растай түсетін жаңа бір әрекеттер мен құбылыстардың куәгері, бәлкім куәсі де болып қалармыз.

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.