Журналист Махамбет Абжан ұсталды – Антикор - Exclusive
Поддержать

Журналист Махамбет Абжан ұсталды – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

– Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамауға алынды. М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.