Журналистер мен ақындар: Amanat партиясынан Мәжіліске кімдер өтті? - Exclusive
Поддержать

Журналистер мен ақындар: Amanat партиясынан Мәжіліске кімдер өтті?

«AMANAT» партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды Exclusive.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.  

Коллаж: Exclusive.kz




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.