Қаңтар-2022. Жүзеге аспаған қаңтар төңкерісінің кемшіл тұстары әлде барлығы осылай ойластырылған ба? - Exclusive
Поддержать

Қаңтар-2022. Жүзеге аспаған қаңтар төңкерісінің кемшіл тұстары әлде барлығы осылай ойластырылған ба?

Әлі күнге шейін қаңтарда қандай оқиғаның орын алғанын ешкім дөп басып айта алар емес. Ресми риторика тек күдік-күмәндарды ғана күшейте түсуде. Бәлкім, Қаңтар оқиғасы мемлекеттік төңкерістің үшінші  әрекеті ретінде қаралатын болар. Мұндай оқиғалардың соңғы рет Алтынбек Сәрсенбаевты өліміне түрткі болғаны белгілі.

Билік қанша тырысқанымен, қоғам Қаңтар оқиғасын ұмыта алар емес. Қаңтар қырғынына қатысты қатаң құпиялық режимі – тергеудің бейтараптылығына қарамастан, Ақорданың беделін тек төмендетіп қана отырғаны белгілі. Ал, соттар болса сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкеріске қатысты «топ-менеджерлердің» істерін  қарай бастады. Сондықтан біз төңкеріс жасамақ болған адамдар мен оның орындаушылары туралы  түсінік жасауға тырысып көрген болатынбыз.

Осыдан он шақты жыл бұрын тәуелсіз баспасөз Елбасыны биліктен кетіру және оны белгілі бір «демократ-путчистпен» алмастыру мақсатында төңкеріс жасаудың ықтимал сценарийін сипаттап берген болатын-ды. Қысқасы, халықты көшеге шығару үшін қандай да бір себеп керек болатын. Оның үстіне мұндай әрекеттер, мәселен, әлдебір қоғам қайраткерінің «жұмбақ өлімі» тәрізді арандатушылық себептердің бірі болғаны да белгілі.

Тіпті, бұдан ертерек уақыттарда, яғни «нөлдік» жылдардың ортасында қысқа уақыт ішінде адамдардың басым бөлігін жинай алатын белгілі бір алгоритмдер жасалды. Бұл ретте «спортшылар» деп аталатын, атап айтқанда бұрынғы қылмыскерлер мен деструктивті ағымдардың ізбасарлары арасынан алдын ала дайындалған жастар «қозғаушы күшке» айналуы тиіс еді. Олар жағдайға байланысты қойылған міндеттерге  сәйкес әрекет ете алуы тиіс болатын. Бұл, мәселен, барахолка мен сауда үйлеріндегі бүліктер,  ұлтшылдық ұрандармен алаулаған шерулер, қоғамдық орындарда атыс қаруын қолдану тәрізді әрекеттермен көрінді. Яғни, үдемелі қорқыныш сезімін және қала тұрғындары арасында прогрессивті қорқыныш сезімін тудыру керек болатын-ды.

Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылғы 4 желтоқсанда өтетін президенттік сайлау алдында Алматы бойынша дәл сол барахолкаға шабуыл жасалуы мүмкін деген қауесеттер тарай бастаған болатын. Дауыс беру күні қарсаңында мұндай қауесеттер «Адем» СҮ-нің өртенуі, «Саяхат» жанындағы шағын автобусты ату, тәртіпсіз жастардың Жароков көшесімен жүріп өтуі және т.б.  туралы сенімді ақпараттарға айнала бастады. Оның үстіне сол кездегі шағын журналистік тергеу көрсеткендей, күштік органдар мен медициналық мекемелер фейктерді тарату көзі болған көрінеді. Нәтижесінде, сайлау күні қала тұрғындарының басым бөлігі «күнәға қалатын» жағдайым жоқ дегенді жөн санады, сөйтіп мегаполис көшелері бос қалды, ал сайлау учаскелеріне келгендер «тұрақтылық» үшін шынайы  дауыс берген болатын.

«Қозғаушы күштердің» тағы бір бағыты қазіргі билікке жаппай наразылықтарын білдіру немесе үкімет пен Ақорданың кез келген әрекетіне (әрекетсіздігіне) ашулану кейпін тудыру болды. Әрине, ол кезде наразылық қозғалысы біршама ұйымдасқан, бірақ саны жағынан шектеулі және оппозицияның бақылауында болатын. Наразылық білдірушілердің басым бөлігі екі рет – 2006 жылдың ақпанында – Алтынбек Сәрсенбаевты жерлеу күні және бір аптадан кейін қаралы жиында жиналған еді. Екінші жағдайда билік халықты (олардың саны 4 мыңға жуық болды) Алматының орталық алаңымен жүріп өтуге итермелегені белгілі.

Айтпақшы, бір кездері ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетов Сәрсенбаевтың өлімі оппозицияны –  режимнің «жауабы ретінде», яғни күшпен тарату және өлім жазасына кесу арқылы жаппай митингілерге итермелеуі тиіс болатын деп санайды. Осыдан кейін «сарай төңкерісіне» ауысуы тиіс, жоспарланған күрделі саяси дағдарыс туындайтын еді. Қазіргі президент отставкаға кетер еді («Горбачевтіктен» бастап «Чаушеску тәрізді» нұсқаларға дейін бірқатар болжам-нұсқалар арқылы), ал уақытша үкіметті құтқарушы басқарар еді. Оның рөлін, сол кездегі болжам бойынша  Рахат Әлиев атқаруы тиіс болатын, өйткені оны белгілі бір клан (барлық күштік блокты өз бақылауында ұстаған «оңтүстіктер» деп атайтын) қолдайтын-ды. Рас, кейбір мәліметтерге қарағанда, Рахат Мұхтарұлының өзін де «жасырын» алып тастар еді, алайда бұл мүлдем басқа әңгіме.

Бәлкім, мұның бәрі ойдан шығарылған немесе болжам сияқты көрінуі де мүмкін, бірақ мұндай сценарий «Мұрагер» операциясы нақты сипаттарға ие бола бастағанға дейін сипатталған болатын-ды. Әрине, бұл сценарийдің бір тармағы биліктің өзіндік транзитін қамтамасыз етуі де мүмкін. Жалпы, біз жаңа дүние ойлап тауып отырғанымыз жоқ (мүмкін біз бір нәрсені ұмытып кеткен шығармыз) және 2022 жылдың қаңтарында болған оқиға осының дәлелі болып табылса керек.

Сол жылдары тәуелсіз баспасөз (атап айтқанда, ADAM bol журналы) жазған тағы бірер жәйттерді айта кетсек. Осылайша, адамдарды (дәлірек айтқанда, көпшілікті) топтық бақылау әдістері пысықталды, мұндай әдіс-тәсілдер негізінен, бұрыннан белгілі еді. Белгілі бір көшбасшы бұқара халықты басқарып, «көпшілікті» әкімдікке, тіпті «Сулпакқа», тіпті АІІБ-не дейін жеткізуі тиіс болатын. Бірақ, кедергі келтірмес үшін әуелі нақты әрі әлеуетті оппозициялық саясаткерлерді, азаматтық белсенділер мен қоғам қайраткерлерін бейтараптандыру керек болды. Мұндай әрекеттер өте қарапайым келеді, мәселен 15 тәулікке профилактикалық қамауға алу, қорқыту, үй қамақтары, «еңбекке жарамсыздық парағына  жіберу» және т.б. Негізінде, бұл соншалықты қиын шаруа емес, әсіресе қоғам уақыт өте келе мұндай көшбасшылардан айырылып тынады, ал өзгелерімен учаскелік полиция күштері айналысатын болады.

Сондай-ақ полицияның әрекетсіздігі де айтыла бастады. Қаланы мобильді топтарға, атап айтқанда сауда үйлері мен банктерді қиратып, талан-таражға салатын арандатушылардың қолына беру керек болды. Осындай әрекеттерге байланысты бірнеше әлеуметтік және ұлтаралық қақтығыстарды өршіту оңайырақ болды, алайда бұлай жасауға ешкімнің батылы жетпеді, өйткені ол кезде жағдайды бақылауда ұстау өте қиынға соққан еді.

Толыққанды билікке қол жеткізетін мұндай төңкерістің сценаристері болып жатқан оқиғаның шындығына ешкімнің күмәнданбауына көз жеткізуі керек екеніне ұмтылғанын есте ұстаған жөн. Бұл үшін, әрине, режим өзін-өзі қорғау мақсатында барлық шаралар кешенін қабылдады және қабылдап та жатыр. Бұл әсіресе қаңтарда болған оқиғадан айқын көрінеді. Мәселен, осыдан 12-15 жыл бұрын Алматыда жол айрықтары салына бастады. Бұл жақсы және қажет нәрсе, бірақ қалалық зерттеулердің тәуелсіз сарапшылары кейбір тармақтардың қисынсыздығы туралы айтқан болатын, атап айтқанда, мегаполиске оның батыс (әсіресе батыс) және шығыс бөліктері арқылы кіру әлі де қиын екенін баса айтқан-ды.

Мұның құпия сыры қарапайым болып шықты. Дәл осы жол айырықтары және сәл кейінірек пайдалануға берілген айналма жолды салыстырмалы түрде алғанда болмашы күштердің көмегімен қала орталығына кіре берістерді жауып тастауға болады. Негізгі қиылыстарға бөгет орнату арқылы қала шетінен ағылып келетін көліктерді ұзақ уақыт бойы ұстап тұруға мүмкіндіктері болады. Тым құрығанда митинтерді тарату үшін Қапшағайдан келетін десантшылар мен Қаракемерден келетін арнайы жасақтың көмегімен  бүлікшілерді ұстап тұруға мүмкіндіктері болады. Мұндай әрекеттерді қаңтарда көре алдық па? Жоқ.

Қаңтар-2022

Тіпті ұрыс қимылдарына жақын келетін қандай да бір оқу-жаттығуларын өткізсеңіз де, теорияның әрқашан практикадан ерекшелетіні анық. «Қаңтар-2022» – бұл «Желтоқсан-2011» деп біз ғана айтып отырған жоқпыз. Әрине, кең ауқымды әрі қанды қырғын тұрғысынан қарайтын  болсақ осылай деп пайымдауға болады. Жоғарыда сипатталғандар оқиғалардың басым бөлігін біз, осыдан он жыл бұрын Жаңаөзенде байқаған болатынбыз. Аңғардық, бірақ оған ерекше белсенділік танытпадық. Сондай-ақ, Жаңаөзенде де полицияның кенеттен  жоғалып кеткені белгілі, бастапқыда ереуілге шыққан адамдардың ашу-ызасын тудырды.  Сөйтіп, оның орнына бірнеше ай бойы ереуілге шыққан (көбі жұмыстан шығарылған) мұнайшылардың арасынан көрінбеген, «қара киімді адамдар» мен жаңа жұмыс киімін киген белгісіз адамдар пайда болды. Олар алаңдағы ғимараттарды қиратып, әкімшілік ғимараттарға, соның ішінде ҚМГ-ға шабуыл жасады (жол бойында жалақы жөніндегі құжаттарды жойып жіберді), «сулпақтарды» ойрандап, халықтың тонауына жол ашты.  

Осы жылдың басына оралсақ. Біз өзімізге түсінікті әрі айқын оқиғаларды қайталамаймыз. «Қастандық жасаушылардың» екі мақсатты көздегені белгілі: наразылықтың беделін түсіру және оны пайдалану. Жанболат Мамай мен оның ізбасарларына құрметіміз болсын, аз ғана уақыт ішінде ол «Алматы Аренаға» (бір жарым сағат ішінде)  қалайша бірнеше мың адамды жинай алмақ. Әрине, 4 қаңтар күні кешке таман жиналғандар арасында оның жақтастары да, митинг туралы «ұзын құлақтан» хабардар болғандар да көп болды. Алайда  жиналғандардың басым бөлігі тіпті Жанболат туралы естімеген және оқиға орнына мүлде басқа себептерге байланысты  келген деп айтуымызға әбден болады.

«Алматы-Арена» Алматының батыс бөлігінде орналасқанын айта кеткен жөн. Аталмыш аудан халық қоныстанған орын болғанымен, әлі де болса шеткі аумақ болып саналады, егер жақын маңда тұрмасаңыз, оған жету қиындық келтіретіні рас. Тіпті бұдан ертерек уақытта, 4 қаңтар күні түс ауа «Алтын-Орда» базарында наразы топтың жиналу әрекеттері болды, бұл бастапқыда оның кімге тиесілі екені белгілі болса да бір қарағанда оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ кейінірек, уақыт өте келе, мұндай факт, керісінше, нағыз ұйымдастырушының кім екеніне қосымша дәлел болып табылды. Бұл газ бағасының қымбаттауына қарсы бейбіт митингілер емес, маңғыстаулықтардың «Шал, кет!» деген ынтымақтастық лебіздері. Мұның барлығы полициямен арадағы арандатушылық, дүкендерді тонау, қару-жарақ жеткізу, әкімшілік ғимараттарды басып алу тәрізді әрекеттермен көрінді.

Бұл уақытта «Алматы-аренаның» өзіндік заманауи тарихы қалыптасып жатқан еді. Мұнда келген Жанболат Мамай – құқық қорғау органдарына қатысты агрессияны болдырмауға тырысқан өзге де көшбасшылар сияқты оқшауландырылып, белгісіз бағытқа тоғытылды.  Сондықтан жиналған қауым басқаруға көнбейтін немесе, керісінше, басқаруға оңай көнетін топқа айнала түсті, сөйтіп қала орталығына – бірден екі негізгі алаңға қарай жылжи бастады. Жол бойында полициямен және Ұлттық ұлан сарбаздарымен қақтығыстар басталды.

Кейінірек президент Тоқаев халыққа үндеу жолдады, онда: «Билік құламайды, бірақ бізге қақтығыс емес, өзара сенім мен диалог қажет», — деді, бұл бірқатар түсінбеушілік тудырды, өйткені билікті құлату туралы мәселе көтерілген болатын. Осы кезде Республика алаңындағы халықты көзден жас ағызатын газбен қарсы алған болатын, сөйтіп жас қарусыз ұлттық ұлан сарбаздарын арандатушыларын соққысына жығып берді. Сәлден соң Мемлекет басшысы Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай режимінің енгізілгенін мәлімдеді.

Жақын арада белгілі фактілер мен ресми ақпаратқа сүйене отырып, қазіргі уақытта қамауға алынған және жауапқа тартылғандардың қайсысы төңкеріске шынымен қатысқанын, олардың қандай рөл атқарғанын, сондай-ақ сотталушылар арасында ғана емес, тіпті күдіктілер арасында да көрмеген адамдарды анықтауға тырысатын боламыз.

Жалғасы бар…

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.