Гүлмира Сатыбалды 8 жылға сотталуы мүмкін - Exclusive
Поддержать

Гүлмира Сатыбалды 8 жылға сотталуы мүмкін

Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, қамаудағы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бүгін прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

18 наурызда Астана (Нұр-Сұлтан) қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыны 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізді.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.