Лавров Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс туралы мәлімдеме жасады - Exclusive
Поддержать

Лавров Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс туралы мәлімдеме жасады

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай мәлімдеме жасады.

Лавров екі ел арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік пен одақтастық бағытында дамуын жалғасып келе жатқанын атап өтті.

– Біздің экономикаларымыз үшін өмірлік маңызы бар салаларда, ғылыми-білім беру саласында ірі бірлескен жобалар іске асырылып жатыр. Ресей мен Қазақстанның транзиттік әлеуетінің артықшылықтары тиімді пайдаланылады. Шағын және орта бизнес желісі бойынша байланыстар кеңейіп жатыр. Әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бойында өзара әрекет жалғасады. Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану шынайы стратегиялық әріптестіктің жарқын мысалы болып қала береді, – деді ол.

Сергей Лавров екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мәскеу мен Астананың Еуразиялық кеңістіктегі жемісті ынтымақтастығын да сөз болды.

– Осыған байланысты біздің көшбасшыларымыздың, үкімет басшыларының, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тең төрағаларының сенімді диалогының рөлін асыра бағалау қиын. Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыздың болашағына оптимистік көзқарастамыз, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.