Британдық боксшы Головкин мен Әлімханұлын жұдырықтасуға шақырды - Exclusive
Поддержать

Британдық боксшы Головкин мен Әлімханұлын жұдырықтасуға шақырды

Британдық боксшы Джимми Келли (26-3, 10 КО) қазақстандық боксшылар – Геннадий Головкин мен (42-2-1, 37 КО) Жәнібек Әлімханұлын (13-0, 8 КО) жекпе-жек өткізуге шақырды.

Джимми Келли былтырғы жылдың ақпан айында Қанат Исламды (29-1, 22 КО) жеңді. Бұл Қанат Исламның мансабындағы бірінші жеңілісі.

– Мен рингке оралғаныма қуаныштымын. Хайме Мунгиямен жекпе-жектен кейін көп нәрсені қайта ойластырып, элиталық деңгейде бәсекеге түсе алатынымды еске түсірдім. Оскар Де Ла Хойя маған Әлем чемпионы бола алатынымды айтты. Мен әлемдегі ең жақсы боксшылармен бәсекеге түсе алатынымды білемін. Бокста Жәнібек Әлімханұлы сияқты боксшыларға назарым ауды. Бұл жекпе-жекті күтемін. Егер келісетін болса, тағы бір қазақтың басын мұрнын бет қыламын, – деді ол.

Сондай-ақ британдық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

– Мақсатым – биылғы жылы тағы бір үлкен жекпе-жек өткізу. Мен Ұлыбританияда Әлімханұлымен кездесер едім. Егер Головкин орта салмақта тағы бір жекпе-жекті қаласа, мен дайынмын, – деді Келли.

Коллаж: Exclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.