Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Бұл туралы коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (ВАК) мәлімдеді.
Өткен тәулікте, вирус жұқтырған 137 науқас тіркелген. Бүгінде елімізде барлығы 1 306 608 жағдай расталды.
Өңір бойынша: Алматыда — 77, Астанада — 26, Қарағанды облысында — 9, Шымкентте — 6, Алматы облысында – 5, Ақмола және Атырау облыстарында 4, Павлодар облысында — 2, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында — 1 адам коронавирус жұқтырған.
Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі-Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа жақындап келе жатқанын хабарлаған еді.
ВАК COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантиндік шараларды күшейту мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Вице-премьер елде әзірге күрделі жағдай жоқ екенін атап өтті.
– Вакциналау – бұл басты сұрақ. Әзірге қиын жағдай жоқ, бірақ науқастардың саны өскен жағдайда маска режимі қайтарылуы мүмкін, – деп түсіндірді Тоғжанов.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет