«ӨКМ Операторының» құрылтайшысына іздеу жарияланды
«ӨКМ Операторы» ЖШС құрылтайшысы Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына мен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша тергеуді жалғасып жатыр.
– Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утильалым қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілінді, – делінген хабарламада.
Шынар Мұхтароваға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сондай-ақ, іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет