Қаңтар оқиғасы арнайы ұйымдастырылған – Шабдарбаев - Exclusive
Поддержать

Қаңтар оқиғасы арнайы ұйымдастырылған – Шабдарбаев

Әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, президенттің күзет қызметін басқарған Амангелді Шабдарбаев қаңтар оқиғасы туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, қаңтар көтерілісі арнайы ұйымдастырылған және ескертусіз оқ ату бұйрығына күштік құрылымның дұрыс ақпарат бермеуі әсер еткен.

– Қаңтар оқиғасы туралы бәрі айтып болды. Бұған баға беру керек. Бұл ұйымдастырылған. Тоқ етерін айтар болсам, ұйымдастырған адамдар Тоқаевты «қорқады да, қашып кетеді» деді. Қырғыздардағы секілді болады деп ойлады. Бірақ ол қашпады, – деді Шабдарбаев Азаттыққа берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ескертусіз оқ ату бұйрығына туралы пікір білдірді.

– Біздің қазіргі президентке 20 мың террорист келе жатыр деген ақпаратты берді ғой. Тексеріп жататын уақыт болмады. Бірақ шынында ата бастады. Сондықтан осындай бұйрық берілді. Халыққа ат деген тіке бұйрық болған жоқ, – деді ол.

Шабдарбаев қаңтар оқиғасындағы басшылар әрекеті және Сәрсенбаев пен Нұрқаділовтің ісі туралы айтты.

– Сот өтпейінше былай-былай деп айтуға болмайды. Бірақ бірінші басшылар өз қызметін атқармады. Бізде осындай жағдай болса, не істеу керектігі жазылған. Осындай оқиға болса, президентті күтпейді. Сейфті ашса нұсқау ретінде жазылған құпия қағаз бар. Қаңтар оқиғасында халық шаршаңқырап қалды, жағдайлары дұрыс болмады. Ұйымдастырғандар болды, көруге келген топ болды. Ішінен морадерлар шықты, кейін былық болып кетті. Мен 2010 жылға дейін ҰҚК-ні басқардым. Бірде-бір терросристік жарылыс болған жоқ. Екіншіден, исламистер, сақалдылар көшеде ашық жүрмейтін. ҰҚК болғаннан кейін қауіпсіздікке жауап береді. Сәрсенбаевты өлтіргеннен кейін 5-6 күннен кейін мені тағайындады. Мен осы істі аяғына дейін жеткіздім. Нұрқаділовтің ісін қайта тергеуге де болады, – ол.

Фото: ашық дереккөз

5 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Осы кісілер бәрін біліп отыр бұрынғы билік кімді өлтірді кімге жала жапты байлык калай келді калай елді тонады т б..

  2. Амангелді,аға турасын айта берің,сақылдылар,кнб ның сақлдыдары ұйымдастырып отыр ғой,билікті тартып алу үшін,барлық секретті ана ұйғырдың қолына бере салды,ендіқазақстанда ешқандай секрет ,ана ұйғырдан кейін қалмада ау деймін