Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды - Exclusive
Поддержать

Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды. Сотқа дейінгі тергеу «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактілері бойынша жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, іс бойынша бес күдікті тергеуден өтіп жатыр. Олардың біреуі қамауда, екеуі үй қамақта. Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен жалпы сомасы 240 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр.

Жақын арада жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 млрд теңгеден асатын қаражат мемлекетке қайтарылады. Еске салайық, 13 наурыз күні Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды. 15 наурызда екі айға қамауға алынды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.