«Қарақалпақ көтерілісі»: Тоқаев Мирзиёевпен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.
Сонымен қатар екі ел басшылары Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады.
Комментариев пока нет