Қазақстан құрамасы армия ойындарында үшінші орын алды - Exclusive
Поддержать

Қазақстан құрамасы армия ойындарында үшінші орын алды

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылуы өтті.

Жауынгерлік машықтан шеберлік деңгейін көрсетуден өткен бұл «АрХО-2022» халықаралық сайыстардың нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынында – төрт алтын, бір күміс.

Рәсімге Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысты. Ойындардың бейресми командалық есебінде Қазақстан құрамасы Ресей мен Өзбекстан елдерінен кейінгі үшінші орынды еншіледі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан командасы Жамбыл облысында «Артиллериядан оқ ату шеберлері» байқауында минаатқыш есептоптары жеңіске жеткен. Қарағанды облысында «Тактикалық мерген» байқауына қатысқан әскери қызметшілер бірінші орын алды, Ақмола облысының «Меридиан» сайысында кәсіби шеберлігін көрсеткен әскери топографтар, сондай-ақ Арменияда «Бейбітшілік жауынгері» сайысында жауынгерлер үздік нәтиже көрсетті.

Кабардино-Балкариядағы «Эльбрус шеңбері» байқауында қазақстандық әскери альпинистер бірқатар күрделі тапсырмаларды орындап, тартысты жарыста Ресей, Өзбекстан және Қытай қарсыластарына жол беріп, төртінші орынға ие болды.

«Танк биатлонының» ақтық сынына бір қадам қалғанда қазақстандық танкистер жартылай финалдық эстафетада қытай әскери қызметшілеріне жол берді.

Айта кетейік, VIII Халықаралық армия ойындары 12 елдің 30 полигонында өтті. «АрХО-2022» бағдарламасына далалық, әуедегі және теңіздегі жауынгерлік машықты көрсетуден 34 байқау кірген.

Фото: Қорғаныс министрлігі




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.