Қазақстан «Халық» партиясы Шораевты сотқа берді
Қазақстан «Халық» партиясы қоғам қайраткері Арман Шораевты сотқа берді. Бұл туралы Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Шораевтың айтуынша, Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданған.
Айта кетейік, шағым сотта дәлелденсе Арман Шораевты депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады.
– Елім деген бір азамат туса- оның балағына жабысатын он ит қоса туар деген..» Жігіттің екі сөйлегені — өлгені… Бәріңізге белгілі, Ертісбаев келіскен пікірсайысқа келмей қалды. Сотта да өзін ұсынып отырған партиясын қорғауға, партиясы үшін жігіттік сөзін айтуға да жарамай отыр, өкінішті) Қазақстан Халықтық партиясынан депутаттыққа жалғыз кандидат Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданып жатыр. Нұрекең айтқандай шынымен де ар-намысына тигенім сотта ДӘЛЕЛДЕНСЕ, мені депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады. Ескі Қазақстандағыдай тәуелсіз кандидаттар сайлауға жетейін десе жете алмай, кетейін десе кете алмайды.
Осындай сәтте жылдамдығы шектен тыс Астана сотында сағат 11. 00-де Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратындағы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/1 мекенжайы бойынша маған қатысты процесс өтеді. Билік бұл жолы ерекше асығыс, іс туралы хабарлама жұма күні кешке келді, процесс дүйсенбі күні таңертең белгіленді. Басқа да мәселелерде осындай жылдамдықпен жұмыс жасаса, біздік үкімет әлемнің озық еліне айналып кетер еді, өкінішке орай, мұндай жылдамдық сайлаудан кейін көзден бұлбұл ұшады. Құрметті достар, жаңа Қазақстанға құштар адамдар, заң бойынша АШЫҚ iс жүргiзу кезінде қатысып отыра аласыздар, – деп жазды Шораев.
Фото: facebook/shorayev
Комментариев пока нет