Қазақстан либералды-авторитарлық тұрғыдан жаңғыруы қажет - Exclusive
Поддержать

Қазақстан либералды-авторитарлық тұрғыдан жаңғыруы қажет

Еліміз 30 жылдан астам уақыт бойы өзінің сыртқы саясатын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күйреу алдындағы мемлекеттен қазіргі орта держава, яғни Орталық Азияның экономикалық көшбасшысы мәртебесіне дейін құруға тырысып бағуда.

Бұған барлық қадамдар ықпал еткені белгілі, атап айтқанда көршілес елдермен шекараларды делимитациялау, экономиканы және әлеуметтік реформаларды ырықтандыру, инвестиция тарту және жаңа стандарттарға көшу саясаты, өңірлік және халықаралық ұйымдар мен одақ құру және қолдау жөніндегі бастамалар және т.б. атауға болады. Ал Қазақстан қолға алған осынау көпвекторлы саясатты кейіннен аймақтағы барлық елдердің ұстанғаны белгілі. Бұл қазірдің өзінде Орталық Азияны Еуразияның ажырамас және орталық (басты) аймағы ретінде қабылдауға жаңа жағдайлар жасап отыр.

Уақыт өте келе мұндай позиция Орталық Азияның әлемнің басқа елдерімен және аймақтарымен қарым-қатынасында белгілі бір біртұтас ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл АҚШ, ЕО, Қытай, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей және т.б. елдерімен С5+ форматын құруға мүмкіндік берді.

Осылайша, қазіргі жағдай Қазақстанға және аймақтағы барлық елдерге Ресейдің сыртқы саяси бағытына қатысты өзінің сыртқы саяси бағытын қайта құруға және қайта анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Ресеймен тек өзара тиімді (соның ішінде санкцияларға байланысты) сауда-экономикалық және әскери-техникалық байланыстарды сақтауға тырысатыны анық (себебі ҰҚШҰ іс жүзінде өзінің бастапқы мән-мағынасын әлдеқашан  жоғалтып тынды). Мұндай қадамдар қайшылықтарды шешуге және аймақтағы ұлы державалардың мүдделерін  бір арнаға тоғыстыратыны белгілі.

Қазақстанның Еуразия континентіндегі қарым-қатынастарын осылайша қайта форматтау әлеуметтік, экономикалық және саяси диалог пен ынтымақтастық арналары арқылы «Үлкен Батыс» саясатын «Үлкен Шығыс» саясатымен ұштастыру мәселелері басты орынға шығып отыр. Қытайдың Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ және Түркия арқылы Еуропамен сауда-саттық мәселесі технология мен қаржы транзитін де, аймақтағы соңғы әлеуметтік-мәдени үрдістерді де қамтамасыз ете алады.

Украинамен болып жатқан арадағы соғыс кесірінен өзінің геосаяси әлеуетін жоғалтып жатқан Ресеймен арадағы қарым-қатынастың бір арнаға тоғысуы бірте-бірте аймақты өзінің уысынан шығарып, Үлкен Орталық Азияны Еуразия құрлығының орталық өзегі  ретінде қалыптастырып отыр.

Бұл бұрынғы англо-саксондар үшін қол жетімсіз болған Heartland емес (Х. Маккиндердің пікірінше, Heartland шамамен Ресей империясы мен КСРО аумағымен сәйкес келеді). Енді Орталық Азия Еуразияның орталық өзегінің әмбебап мәртебесіне ие болған кезде, Heartland терминінің өзі түпкілікті немесе орталық өзек, сондай-ақ Еуразия тарихының географиялық қазығы ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып отыр, бұл шын мәнінде алдын ала анықталған,  мәдени-өркениеттің және мәдени-тарихи дамудың белгісі.

Сондықтан өркениеттің идеологиялық, индустриалды тұрғыдан үстемдік ететін түрінен – ақпараттық немесе постиндустриалды, постмодерндік түрге көшу әлемдік тәртіптің жаңа құрылымын қалыптастыра бастайды. Бұл жапан далада жалғыз өсіп тұрған ағаш сияқты, әуелі бұталы аймақты, содан кейін орманды қалыптастырады.

Осындай түсінік-пайымнан бір кездері Үлкен Орталық Азия Үлкен Батыс пен Үлкен Шығыстың әділ бәсекелестігі мен өзара тиімді ынтымақтастығы үшін бейбіт ортаны қалыптастыратын көпжақты тәсілді іске асыру кезінде үлкен даму мүмкіндіктері бар аймаққа айналуы бек мүмкін.

Қазақстан үшін үш сценарий

Қазақстан ендігі жерде объективті тұрғыда Ресеймен қандай да бір интеграциялық бірлестіктерден «қалу-немесе шығу» немесе жаңа одақ «қалу-немесе құру» парадигмасында тұрған жоқ. Бейбіт даму мен өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық артықшылықтарын пайдаланатын көпжақты тәсілмен мұндай талап қажет етілмейді. Алайда ескі тәсілді ұстанатын болсаңыз, онда мемлекет құлдырап бара жатқан өзара сенім мен халықаралық аренада өзінің қадір-қасиетін жоғалту жағдайында өмір сүре бастайтын болады.

1 сценарий:

Егер Қазақстан Ресеймен (ЕАЭО, ҰҚШҰ) негізгі интеграциялық бірлестіктерде қалатын болса, онда уақытша мәртебе-кво сақталатын болады, бірақ белгісіздік қарқыны белең алады. Барлық соғыс ерте ме, кеш пе аяқталады, алайда соғыстан кейін бейбіт өмір құру оның қатысушылары үшін әлдеқайда қиын болады. Бұл қазіргі әлемдік тәртіптің басқа жағдайларында орын алатын болады.

Осы жағдайларды ескере отырып, террористік актілер мен шабуылдар, экономикалық және әлеуметтік-саяси дағдарыстар қаупін қоса алғанда, елімізге және бүкіл аймаққа қандай да бір опасыз араласудан немесе үшінші күштердің араласуынан болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді есте ұстаған жөн. Олардың себептері бұрынғы метрополиялардың әсер ету аймақтары мен шекараларына, діни және теологиялық келіспеушіліктерге, сондай-ақ метафизикалық және тарихи примогенез үшін күрестерге қатысты талаптары болуы әбден мүмкін.

Қарапайым геосаяси талдаулар біздің аймаққа осындай тосыннан араласуға болатын екі ықтимал бағытты анықтап отыр.

Біріншісі. Ресей үшін жау деп саналатындар, ең әуелі оның идеологиялық қарсыластары – Украинаны қолдайтын НАТО-ның еуропалық елдері. Екінші жағынан, бұл бұрынғы республикалар – тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатты жүргізуге ұмтылатын жаңа тәуелсіз мемлекеттер.

Екіншісі. Радикалды исламистік террористік ұйымдар үшін жау болып табылатындар — бұл дәстүрлі емес діни құндылықтар мен әлеуметтік-саяси тәртіпті насихаттайтын барлық зайырлы режимді ұстанатындар.

Қытай экономикалық, қаржылық, әскери-саяси және адами жағынан өзінің үлкен артықшылығын жақсы сезіне отырып, соғысты қаламайтыны белгілі. Қытайдың экономикалық дамуы, оның өсіп, өніп келе жатқан қаржылық және мәдени-саяси мүмкіндіктері Еуразиядағы кез-келген проблеманы Әскери құралдар мен әдістерсіз-ақ шешуге мүмкіндік береді.

2 сценарий:

Егер Қазақстан тәуелсіздік пен егемендікті сақтау және нығайту үшін қажетті және жеткілікті шаралар қолданбай, толық құқықты емес одақ қатарынан шығатын болса, онда елдің жағдайы бірден нашарлай түседі. Қазақстан Израильдің алғашқы үш-төрт онжылдығындағы жағдайға тап  болады. Ал Израильге АҚШ та, Еуропа да көмектескенін біз жақсы білеміз. Қазақстанға үлкен есеппен алғанда ешкім де көмек қолын созбайтыны белгілі.

3 сценарий:

Егер біз өзіміздің жаңа, неғұрлым тиімді және ұлттық мүдделерімізге сай форматтар мен ұйымдарға қатысуымызды одан әрі дамыта түсетін болсақ, онда біздің ұстанымымыз нығая түседі. Мұндай жағдайда жаңа қауіпсіздік кепілдіктері пайда болады.

Бұл ішкі саяси дамуға да қатысты болмақ. «Адамгершілік Қазақстан» форматында ұлттық идеяның ұзақ мерзімді үлгісін қалыптастыру тәуелсіздігіміздің даму үлгісі мен моделі болуға тиіс. Қарқынды дамып келе жатқан ішкі нарық, шамамен Еуропаға теңдес аумақта туу қарқынының өсуі мен халық санының көбеюін ынталандыру, өзін-өзі қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық кешен, дамыған жоғары, орта арнайы білім және медицина, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің барлық заманауи спектрін қажетті мөлшерде өндіруге қабілетті дамыған әскери-техникалық кешен, шамамен 1%-ға жуық заманауи әскер (бұл 200 мың), жалпы халық санының 20 миллионға жуықтауы (қазір шамамен 0,385% немесе 77 мың), ұзақ мерзімді әскери экспансияға тойтарыс беріп, жеңіске жетуге қабілетті бола түседі.

Мемлекеттің саяси жүйесін дамыту тұрғысынан бүгінгі «Күшті Президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» формуласын әзірше нағыз шындық деп атауға болмайды. Экономикалық және әлеуметтік өмірдің кейбір салаларында Үкіметтің және жалпы биліктің әрекеттері алдын алу шаралары емес, реактивті болып табылады. Үкіметтің өзі бәсекеге қабілетті монополияға қарсы экономикалық жүйені құруға бағытталған бәсекелестік негізде қалыптаспайды. Сондықтан, Қазақстанға бүгінгі шындыққа сай келетін жұмылдыру түріндегі либералды-авторитарлық жаңғыру қажет. Бұл азаматтарға, экономикалық субъектілерге және әлеуметтік-саяси институттарға үлкен еркіндік беруді қамтиды. Мұндай жолмен Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан түрлі жылдамдықпен жүріп жатқаны белгілі. Азаматтық қоғамның кейбір сарапшылары бүкіл әлеуметтік-экономикалық жүйені модернизациялаудың кешігу үрдісін қазіргі әкімшіліктің әлсіздігімен байланыстырып отыр.

Қазақстан ұстанған көпжақты тәсіл бүгінде саяси-экономикалық көшпенділіктің тәсілі, сенім мен бостандық қағидаттарында бүкіл еуразиялық кеңістікті қайта құруды жүзеге асыратын тәңірлік көпмәдениеттіліктің және түркі әлеуметтік жобасының нысаны ретінде әрекет етеді.

Уәлихан Төлешов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.