Қазақстан ТМД-ның 1995 жылғы келісімінен шығады
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мемлекетаралық валюта комитеті туралы 1995 жылғы келісімінен шығады.
– 2013 жылғы 25 қазанда Минскіде жасалған 1995 жылғы 26 мамырдағы мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама бекітілсін, – делінген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
Құжат күшіне енді. Комитет валюталық-төлемдік және несиелік қатынастар саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдесу, көпжақты есеп айырысу және валюталық заңнаманы жетілдіру мақсатында құрылған.
Фото ашық деректерден
1 Комментарий
Өте дұрыс