Қазақстандықтар 3 жасар қыздың еміне 1 миллиард теңге жинады
Әлемдегі ең қымбат Zolgensma препаратына жиналған қаржы өз межесіне жетті. Бұл қарды бір жыл бұрын жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған 3 жасар Айкүміс Сәрсенге қажет.
ekaraganda.kz мәліметінше Айкүміс Сәрсен жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған жалғыз бала. 2021 жылдың 24 мамыры күні қыздың отбасы қаражат жинауды бастады. Үлкен көлемдегі қаржыны жинауға барша қазақ елі атсалысты.
17 тамызда бұл керекті сома жиналды. Отбасы инъекция алу үшін Дубайға барды.
Айкүмістің анасы Қарлығаш Төлебаева бейне үндеу жасап, көмек қолын созған қамқор азаматтарға алғысын білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет