Қазақстандықтар ендігі жерде балаларын шенеунік ретінде көргісі келмейді - Exclusive
Поддержать

Қазақстандықтар ендігі жерде балаларын шенеунік ретінде көргісі келмейді

Exclusive.kz тапсырысы бойынша Qalam қоры қазақстандықтардың басым бөлігі балаларының отанында өмір сүргенін қалайтынын анықтаған болатын. Сонда, олар балаларының кім болғанын қалайды?

Сұрақ: Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз?

Кәсіп түрлері арасында бизнес өкілдері сенімді түрде көш бастап тұр. Бәлкім, бұл біздің азаматтардың санасында жеке бизнес – қалыптасып танылудың, сондай-ақ лайықты ақша табудың мүмкіндігімен байланысты болғандығынан болса керек.

Қазақстандықтардың басым бөлігі балаларының бақытын, бірінші кезекте, өз қалауы бойынша қалыптасып танылу  мүмкіндігімен ұштастырады (34,7%), 16%-ы материалдық игіліктерді жақтайды және бұл тұрғыда балаға қандай кәсіп түрі жақсы табыс әкелетіні маңызды емес.

Әрбір оныншы ата-ана баласының дәрігер немесе ғалым болғанын қалайды, тек 8%-ы баласын шенеунік және 7%-ы күш құрылымдарының: құқық қорғау органдарының немесе әскери қызметкер ретінде көреді. Бұл ретте халықтың тек 5%-ы ғана баласының болашақ қызметін өнермен немесе шығармашылықпен байланыстырады.

Сұрақ: Сіз үшін табысқа жетудің басты белгісі қандай?

Қазақстан тұрғындары үшін табысқа жетудің құрамдас бөлігінде отбасының амандығы (51,7%) мен материалдық әл-ауқат (51,6%) бірдей маңызға ие.

Жауап алынғандардың үштен бірінен сәл астамы табысқа жету  түсінігін рухани дамумен және біліммен ұштастырады (34,2%), шамамен 30%- кәсіби жетістіктерді бағалайды.

Әрбір бесінші респондент сәттілік дегеніміз атақ пен даңқ деп  тұспалдайды. Респонденттердің бар-жоғы 8%-ы балаларына шенеунік мансабын қаласа да, сауалнамаға қатысқандардың 15%-ы сәттілік ұғымын табысты өмірмен теңестіріп отыр.

Сұрақ: Қазақстанның болашағына қатысты қандай эмоцияларды сезінесіз?

Азаматтардың басым бөлігі Қазақстанның болашағын жағымды әрі жарқын эмоциялармен: үмітпен (38,7%), мақтанышпен (13,2%), сүйіспеншілікпен (9,7%) байланыстырады. Қазақстандықтардың бестен бір бөлігі әлі де болса елдің болашағына алаңдаушылықпен қарайды (21,3%).

Жалпы, қазақстандықтар арасында жиіркеніш (2,1%), ашу және ыза (3,9%) сияқты күшті әрі жағымсыз эмоциялардың үлесі  шамалы.

Кінә, ұят сияқты эмоциялар әйелдерге көбірек тән, ер адамдар жиіркеніш сезімі тәрізді мемлекет үшін кінәні соншалықты сезіне қоймайды. Ер адамдар ашулануға бейім, яғни ашуды көбірек сезінеді. Жиіркеніш сезімі әйелдерге де тән. Өзге жағдайларда ерлер мен әйелдердің үлесі іс жүзінде ұқсас келеді және бір-бірінен аздап ерекшеленеді.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 17 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ. 2 550 адам қатысқан болатын. Сауалнама бетпе-бет сұхбату (facetoface) әдісі арқылы жүргізілді.

Таңдамалы жиынтыққа сүйене отырып:
– 61% қала және 39% ауыл тұрғынынан;
– 18 бен 79 жас аралығындағы ерлердің 46%-нан және әйелдердің 54%-нан;
– қазақтардың 72%-нан, орыстардың 20%-нан, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің 8%-нан сауалнама алынды.

Респонденттердің басым бөлігі сауалнаманы орыс тілінде толтыру ыңғайлы екенін атап өтті (67%), сұралғандардың үштен бірі сауалнаманы қазақ тілінде толтырғысы келді (33%). Сауалнамаға қатысқан қазақтардың 46%-ы қазақ тілінде, 54%-ы орыс тілінде, орыстардың арасында 99%-ы орыс тілінде, 1%-ы қазақ тілінде жауап беруге ниет білдірді. Өзге ұлт өкілдерінің 4%-ы қазақ тілінде, 96%-ы орыс тілінде жауап беруге тілек білдірді.

Қызмет түрі бойынша респонденттердің 26%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 28%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 20%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 8%-ы студенттер, 5%-ын жоғарыда аталмаған басқа салаларда жұмыспен қамтылғандар құрайды.

Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 39%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 37%-ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 16%-ның 150 мыңнан және одан да жоғары табыс көзі бар. Сауалнамаға қатысқандардың 8%-ы кірістерін атаудан бас тартты.

Сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі: жартысынан көбі жоғары (48%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сауалнама жүргізілгендердің 29%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 11%-ның орта білімі бар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.