Қазақстандықтар Назарбаевтың туған күнін атап өткісі келмейді
Qalam қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне қатысты сауалнама жүргізді.
Респонденттердің 63 пайызы 6 шілде мерекелік күн болмауы керек деп санайды.
Қазақстандықтардың басым бөлігі, атап айтқанда, 63%–ы 6 шілде – тұңғыш президенттің туған күні мемлекеттік мереке болмауы тиіс деп санайды. Бұл күнді мереке күні қалдыру идеясын респонденттердің үштен бірі – 30% қолдады. Әрбір 14-ші адам (7%) жауап беруге қиналатынын айтқан.
Пікірде өңірлік деңгейде, гендерлік қатынаста, қоғамның ұлттық бөлінісінде елеулі айырмашылықтар байқалмайды.
Сауалнамаға Қазақстан бойынша облыстардан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларынан 2 500 адам қатысты. Сауалнама face to face әдісімен жүргізілді.
Сауаланамаға қатысқандар:
- 62% қала тұрғындары және 39% ауыл тұрғындары;
- 47% ерлер және 53% әйелдер 18-ден 83 жасқа дейін;
- Қазақтар – 68%, орыстар – 24%, басқа ұлт өкілдері 8%.
Қызмет түрі бойынша респонденттердің 30% жеке секторда жұмыс істейді, 24% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 19% мемлекеттік қызметкерлер, 13% зейнеткерлер, 9% студенттер.
Респонденттердің үй шаруашылықтары табыс деңгейі бойынша: 46%–ы отбасының бір мүшесіне 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 33%-ы 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 14%-ы 150 мың және одан жоғары. Респонденттердің 4%-ы өз кірістерін атауға қиналды, 3% жауап беруден бас тартты.
Сауалнамаға қатысушылардың білім деңгейі: жартысынан көбі жоғары білім (51%), 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 11%-ның орта білімі бар.
Фото: DW
21 Комментариев
Отыз жыл туған кун тоилады халық пандемиядан қаитып жатқанда қаиғыдан көкірегі қарсы аирылып жатқанда салют атып туған кун өткізді бул есте қалатын туған кун болды кімге керек туған куні алып тастау керек итке сутектің қажеті қанша
Атап өтудің қажеті жоқ Астана күнін өзінің туылған күніне әдейі туралап қойған.
Я не проходила анкету и против Назарбаев ничего не имею!Хватит поливать его грязью сплетники одни прям все стали святые…
Нұрсұлтан ағамыздың туған күні әрине керек емес. Халық әбден запы болды. Ал астана күні деп мұлде баска күнді белгілесе.
Зачем праздновать др кровавого диктатора. В начале правления может и работал для народа, щас он выжившии из ума старик. Если б Токаев не заступился, ждал бы его конец Каддафи. Свой же народ порвал бы на части живьем, настолько устали и озлоблены люди.
Не надо нам др диктатора
Сауалнамаға қатысқанымда ҚАРСЫМЫН деп жауап беретін едім. Сосын столица күнін басқа айға, басқа күнге ауыстырсын!
Тағыда айтатыным былтыр пандемиядан халық қырылып жатқанда той тойлап , салют атуға ат салысып демегендерді түгелдей жазаға тартылсын!
Өте дұрыс халықты кедей қылып қалай ғана туған күнін тойлау керек өлген жоқ тірі өлетін ойы жоқ Қазақты әбден мазақ етті
Қажеті жоқ.Тойлауға қарсымын
Назарбаевтің туылған күнін Аравияда атап өтсін. Ол бізге ешкім емес. Біздің азаматымыз емес. Сондықтан қазақ елінің ңшкі және сыртқы саясатымен өміріне арласпасын.
Астана күнін Алматыдан көш келген күнге өзгерту керек бұрынғы жағымпаздардың жасанды қателерін орнына қоймай жаңа қазақстан құрамыз деген бекер іс жағымпаздық аброй бермеді көздері жеткен шығар
6 шілде тойланбасын 2020 жылы ковидтен ел азап көріп дұрыс ем жүргізілмей қиналып жатқанда той тойланып фейерверк атып билік сорақылық жасады енді мұндайға жол берілмеу керек қантсыз шәй ішіп отырған халықтың жағдайын ойлау керек қой онанда қант заводтарыңды салсаңдаршы қарапайым отбасы балаларына обал болды ғой боқаға салатын қант жоқ сұмдық қой бүл 21 ші ғасырда
Туган кунді туыскандарымен тойласын жалпы халыкка тойлаудын не кажеті бар
Туған күні тойланбасада аталып өтуі керек шығар .
Да…
Он не нуждается в ваших поздравлениях. Он отдыхает где-то далеко .Ему должны быть все равно что вы говорит про него.И это правильно
Он не нуждается в ваших поздравлениях. Он отдыхает где-то далеко .Ему должны быть все равно что вы говорит про него.И это правильно
Не үшін тойлаймыз.кім еді соншама бүкіл Қазақ елі тойлайтындай.
Н.Ә.Назарбаевтың туған күні түгілі, оның өзімен қоса перзенттерінің аты-жөндерін атаудың өзіне арманымыз керек.
Н.Ә.Назарбаевтың туған күні түгілі, оның өзімен қоса перзенттерінің аты-жөндерін атаудың өзіне арлануымыз керек.
Қала күнін басқа ай, басқа күнге ауыстыру керек. Халықтың ашу ызасын келтіріп қажеті не. Қалаға Астана аты қайтарылған да қалаймын