Қазақстандықтардың жартысынан көбі Тоқаевқа дауыс беруі жөн санайды - Exclusive
Поддержать

Қазақстандықтардың жартысынан көбі Тоқаевқа дауыс беруі жөн санайды

Қазақстандықтардың жартысынан көбі қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге дайын (59%), сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірінен астамы (26%) өзге үміткерлерге дауыс бергенді жөн санайды, 15%-ы жауап беруге қиналады. Айтпақшы, аға буын өкілдеріне қарағанда, жастар президентке дауыс беруге онша құлшыныс танытпай отыр. Сондай-ақ тұрғындардың президентке деген сенімімен қатар, олардың өз-өзіне арқа сүйейтіні көңілге қуаныш сыйлайтынын айта кеткен абзал. «Qalam» қорының кезекті социологиялық зерттеуінің нәтижесі міне, осындай.

Үшінші тоқсанда барлық мемлекеттік органдардың рейтингісі нығая түсті, ол туралы біз бұған дейін де жазған болатынбыз, дейтұрғанмен әкімдіктер мемлекеттік басқарудың осал да әлсіз буыны болып қалып отыр.

Әйтсе де, қазақстандықтардың 59%-ы қазіргі президентке дауыс беруге ниетті, десек те жауап беруге қиналғандардың арасында сайлауға мүлдем дайын емес және кімге дауыс беретінін әлі шешпеген тұрғындардың бар екенін де ескеруіміз қажет-ақ.

Егер, дауыс беруге сенімді түрде дайын респонденттерді ғана алатын болсақ (жауап беруге қиналғандарды есепке алмағанда), онда олардың 69%-ы Тоқаевқа, 31%-ы өзге үміткергеге дауыс беруді жөн көреді.

1-сурет. ҚР Президенті сайлауында Сіз кімге дауыс бересіз? (облыстар бойынша)

Көптеген облыстардың алдағы сайлауда президентті қолдауға дайын екенін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Жиырма облыстың ішінде тек үшеуінде ғана – Ақтөбе (52%), Түркістан (55%) және Шымкент қ. (61%), сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі сайлауда Тоқаевқа емес, өзге үміткерге дауыс беретінін мәлімдеп отыр. Мұнымен қоса сайлауда кімге дауыс беретінін әлі шешпеген және таңдау кезінде қиналатын адамдардың пайызы өте аз, арадағы айырмашылықтардың ара-жігі көзге айқын көрініп тұрғаны белгілі.

2– сурет. ҚР Президенті сайлауында Сіз кімге дауыс бересіз? (жынысына қарай)

Ерлер мен әйелдердің алдағы сайлауға деген көзқарастарында үлкен айырмашылық байқалып отырған жоқ. Ерлер (59%) мен әйелдердің (58%) тең үлесі қазіргі президентке дауыс беруді жоспарлап отыр. Ерлердің 27%-ы және әйелдердің 26%-ы сәйкесінше өзге үміткерлерді қолдауға дайын.

Жастар балама үміткерге дауыс беруге дайын

3-сурет. ҚР Президенті сайлауында Сіз кімге дауыс бересіз? (жасына қарай)

Өздеріңіз көріп отырғандай, аға буын өкілдері Тоқаевтың саясатын көбірек қолдайды және оған дауыс беруге дайын. Респонденттердің жасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым өзге үміткерге дауыс беруге дайын еместігі айқын көрініп тұрғанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, 18-24 жас аралығындағы жастар арасында сауалнамаға қатысқандардың 33%-ы өзге үміткерді қолдауға дайын.

Болашаққа деген үміт көкжиегі

Респонденттердің басым бөлігі үміттерін президентпен байланыстырып отыр (56%), халықтың 45%-ы тек өзіне ғана үміт артады. Одан әрі болашаққа деген үміт оты отандық бизнестің (19,3%) және үкіметтің (18,6%) еншісінде.

4-сурет. Сіз жарқын болашаққа деген үмітіңізді кіммен байланыстырасыз?

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 17 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2500 адам қатысты. Сауалнама бетпе-бет сұхбату (face to face) әдісі арқылы жүргізілді.

Таңдамалы жиынтық негізінде:
– 62% қала және 39% ауыл тұрғындарынан;
– 18 бен 94 жас аралығындағы ерлердің 47%-нан және әйелдердің 53%-нан;
– Қазақтардың 65%-нан, орыстардың 24%-нан, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің 12%-нан сауалнама алынды.

Қызмет түрі бойынша респонденттердің 27%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 26%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 18%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 8%-ы студенттер, 8%-ын жоғарыда аталмаған басқа салаларда жұмыспен қамтылғандар құрайды. Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 40%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 38%– ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 15%-ның 150 мыңнан және одан да жоғары табыс көзі бар. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 7%-ы кірістерін атаудан бас тартты.

Сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі: жартысынан көбі жоғары (49%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сауалнама жүргізілгендердің 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 13%-ның орта білімі бар.

Жақын арада қазақстандықтардың кіммен және қай өңірлерде интеграцияланғысы келетінінен хабардар боласыздар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *