Қазақстанды шын мәнінде билеп отырған, 162 адамның қатарында кімдер бар? - Exclusive
Поддержать

Қазақстанды шын мәнінде билеп отырған, 162 адамның қатарында кімдер бар?

Мемлекеттің экономикадағы үлесі шамадан тыс көп деген белгілі бір тезис бар. Сырттай қарағанда, мұндай түсініктің шынымен де осылай көрінетіні белгілі.  Сонда, мемлекетті басқарып отырған кімдер? Мемлекетке есімдері дүйім жұртқа беймәлім, бейтаныс адамдар билік етуде. Нағыз шынайы биліктің үнемі көлеңкелі тұстары болатынын біз жақсы білеміз.

Осыдан бір жыл бұрын Тоқаев Қазақстан байлығының жартысына бар-жоғы 162 адам ғана иелік етеді деген өзінің ызалы да, қатқыл ойын жеткізген болатын-ды. Бұл жай ғана түпсананың, яғни түпкі сананың шынайы серпілісі ғана емес, KPMG сияқты беделді әрі танымал аудиторлық компаниясының деректері. Тізімге енген адамдардың кімдер екенін анықтауға жасаған талпынысымыз да сәтсіз аяқталды. Ресми органдар да, KPMG де мұндай 162 адамның есімдерін мәлімдеген жоқ.  Жалпы, біз олардың аты-жөндері жария етіледі дегенге үміт артқан да емеспіз. Аталған тізімге енген адамдардың ішінде бірен-сараны ғана қазақстандық Forbes тізімінде жария етілген-ді. Әрине, бұл еліміздегі нақты миллиардерлер тізімінен әлдеқайда алшақ тізім екендігі белгілі. Мұндай адамдардың байлығы – түрлі кіріс көздерінен алынған қаржылық ағындардың  желісі болып табылады, олардың көпшілігі оффшорларда таратылады.

Тоқаев неге дәрменсіз?

Мәселе мынада. Шындығында экономикада мемлекеттердің үлесі онша көп емес. Мұндай  салаларды мемлекет емес, нақты адамдар басқарады. Айта кететін тағы бір жайт, олар мемлекет АТЫНАН басқарады, билік жүргізеді. Бәлкім, мұндай тізімдегі ең танымал адам әлі де болса, сол баяғы Тимур Құлыбаев шығар. Оның қаржы секторында, мұнай-газ өнеркәсібінде, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т.б. салаларда көптеген ресурстары бар екені баршаға мәлім. Кей-кезде оның жеке өзі байлығының қайда және қанша екенін шынымен де түсінбейтін сияқты көрінеді, өйткені өз кезегінде белгілі бір маңдай алды істе жетекшілік рөлді оның өзі емес, оның айналасындағы адамдардың атқаратыны белгілі. Оның командасының, әсіресе заңгерлерінің кәсібилігіне лайықты баға берілуі тиіс. Оның экономикаға дендеп, бойлағаны сондай, тіпті жобалардан шығып кеткісі  келсе де, мұндай процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін. Шамасы, Құлыбаевтың өзi ұшы-қиыры жоқ империясынан жапа шегіп отырған сияқты көрінеді.

Тағы бір маңызды тұсы, Болат Назарбаевтың кланын атап өткен жөн. Бұл жерде  адамдар күрделі, бірақ өмірлік маңызды саналатын азық-түлік бизнесін «модернизациялау» әрекеттеріне қарамастан, қарапайым әрі күнделікті өмір кешіп жатқанын айтуға болады. Ол әлі де мұнай өнімдерінің маңызды нарығын бақылауда ұстап отыр деген қауесет бар. Ендеше оның командасының әрекеттеріне қол соғуға да болатындай көрінеді.  Азық-түлік пен бензин әр адамның күнделікті қажетті заттары саналатыны белгілі.

Назарбаевтар отбасының өзге де мүшелерін іс жүзінде тырнақша ішінде «кедей» деп атауға болатын да шығар, өйткені олардың империялары да жоғарыда айтылған екі жағдаймен салыстыруға әсте келмейді. Бәлкім, сондықтан да болар жылжымайтын мүліктен алынған табысты айқындау, яғни жібек люстрация отбасының осындай өзге мүшелерінен басталған шығар және Әкелеріне деген ұзақ жылғы реніштері де бар сияқты.  

Назарбаевтың жеке өзі ERG, Қазақмыс, Қармет және т.б. ірі өнеркәсіптік алпауыттардың активтерін бақылайды деген де қауесеттер бар, бірақ мұны дәлелдеу мүмкін емес. Сондай-ақ ащы да зұлым тілдердің деректеріне сенсек оның ірі мұнай-газ келісім-шарттарында түпкілікті, соңғы бенефициары болып табылатынын аңғаруға әбден болады. Бейресми әңгіме барысында халықаралық мұнай консорциумының топ-менеджерлерінің бірі, олардан халықаралық өндіруші салалардың ашықтық бастамасының (ӨСАБ) қысымы арқылы тым болмаса түпкілікті иелерін жария етудің гипотетикалық, яғни болжамдық мүмкіндігі бар ма деген сұраққа, ол үзілді-кесілді – ешқашан! –деп жауап берді деген факт осы айтылғандарды жанама түрде дәлелдей түседі.

Екінші топта, Бірінші Отбасы мүшелерінен басқа, оған ресми түрде қатысы жоқ, іс жүзінде оның мүшелері болып табылатын де-фактолар да кездеседі.  Олар «бірінші толқынның ағалары» деп аталады. Бүгінгі күні олардың барлығы қандай да бір лауазымдарға ие емес, алайда айтарлықтай бейресми ықпалға ие тұлғалар. Мәселен, Есімов, Әбіқаев, Өтемұратов және т.б.

Соңғысы, аты-жөндері бізге беймәлім, алайда экономикамыздың «сұр кардиналдары»  болып табылатын ағалардың үшінші тобы да бар екені белгілі. Олардың арасында бүкіл құқық қорғау жүйесін және кейбір белгілер бойынша қорғаныс-өнеркәсіптік кешендерін бақылауда ұстап отырған тұлғалардың бар екенін ерекше  айта кеткен жөн.

Демек, басты проблема — салалар бойынша мемлекеттік реттеу дәрежесінде емес, кландық экономикада болып отыр деген сөз. Сол себепті мемлекеттік бағдарламалар бірінен соң бірі сәтсіздікке ұшарады. Мұндай үрдіс «ағалардың» оларға өмірлік қызығушылықтарын сезінгенге дейін жалғаса беретін болады. Дәлірек айтқанда, олар енді өз бизнесіне бюджет ақшасын жай ғана пайдалану мүмкін болмайтынын түсіне бастайды.

Енді бұрынғыдай болмайды

Алайда, бұрынғы «ағалардың» уақыты өткен сияқты. Бұл- ащы шындық. Біріншіден, кез-келген саяси және экономикалық жүйе, әсіресе тек мұнай рентасымен ғана тіршілік ететін болса, онда мұндай жүйе 30 жылдан артық өмір сүре алмайды. Оның үстіне ресурстық дәуірдің де аяқталатыны белгілі және барлық күдікшіл скептиктердің дәлелдерге қарамастан, көміртекті бейтараптылық уақыты да жақындап келе жатқан көрінеді. Бұл меншіктің тек ел ішінде ғана емес, бүкіл әлемде үлкен қайта бөлінуі болады дегенді білдіреді.

Екіншіден,  нақты дауылдың басталып келе жатқанын мойындау керек. Сыртта да дауыл, іште де дауыл. Әлемдегі «Ересек жігіттер» (АҚШ/Қытай, Ресей/Украина) бір-бірімен жан қырқысып,  жаңа «Үлкен ойындар»  басталды. Ықпал етудің ескі орталықтары жойылып, жаңалары пайда болды. Осылайша, бірегей, белгісіз, аласапыран онжылдықтың дәуірі келіп жетті.

Үшіншіден, Батыс құрылымдарының қол астындағы негізсіз байлық және оффшорлардың қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналып отыр. Демек, шамамен айтқанда, қазір ақшаны елден шығарудың мәні де жоқ. Ел ішінде ақшаның тағдыры да тұрақсыз. Мүмкін, сәндік заттарға ғана емес (мұндай заттар қазірдің өзінде бар), нақты экономикаға құятын уақыт келіп жеткен болар?

Төртіншіден, Қазақстанның Ресейге тәуелділігі төмендеу үстінде. Украинадағы соғыс басталғаннан бері бір жыл ішінде Ресей түптеп келгенде шеттетілген елге айналды және осның шектеулердің нәтижесіне қарамастан ұзақ жылдар бойы оқшауланып қала беретін болады. Ол ендігі жерде Қазақстандағы билікті әскери қолдаумен қамтамасыз ете алмайды, Қытайға қарсылық көрсете немесе трансшекаралық сауда шарттарын белгілей алмайды. Осы факторға байланысты ДЫА мәртебесін сақтау әрекеттері де сәтсіздікке ұшырайтын болады. Сондай-ақ, Ресейге қатысты саяси бағдарды сақтау Қазақстанды халықаралық санкцияларға ұшыратуы әбден мүмкін.

Бесіншіден, қоғам өзгерді. Қарғыс атқыр интернет шекараны жойып тынды, енді саясаткерлер емес, кәсіпкерлер ақыл-ойдың әміршілеріне айнала бастады. Алайда, Илон Маск бай болғандықтан емес, адамзатқа жаңа, тың үміт сыйлағандықтан танымал тұлғаға айналды. Миллиардтардың саны өзінің сүйкімділігін жоғалта бастады. Ал, адамдарға адамзаттың немесе тым құрығанда бір елдің санасының шегін кеңейте алатын тұлғалардың  ұнайтыны шындық.

Алтыншыдан, билік жағдайдың үмітсіздігін түсіне алмайды, олар қандай да бір балама ұсына алмайды және мүмкіндігінше өз қызметтерін ұстауға ниетті. Барлық өзге мүдделі тараптар (халық, бизнес, олигархтар, оппозиция) үшін бұл ең нашар нұсқа болып саналады, өйткені бастамашылық әрекеттерді сыртқы ойыншылардың немесе кездейсоқ факторлардың еншісіне қалдырады. Ресейдің бірқатар негізгі геосаяси ойыншылардан айырылуы аймақтың өзінде де, жаһандық ауқымда да ықпал ету аймақтарының қайта бөлінуіне әкеліп соқтыратын болады. Орталық Азиядағы позициясын сақтап қалу үшін Қазақстанға жаңа альянстар қажет болады. Бұл ретте бұрын Азиядан Еуропаға Ресей арқылы өткен құрлықтағы транзиттік ағынның бір бөлігін талап етуге құқы бар, соғыстан кейінгі Украинаның рөлін қатты ескеруіміз қажет-ақ.

Соңғысы, «Ересек жігіттер» (Қытай мен АҚШ) бір-бірімен дау-дамайға барып жатқаны белгілі,  осылайша барлық жаһандық ойыншылар өзара жапа тармағай таласу үстінде.  Демек, осы уақытқа дейін балалар дастарханында отырған жандардың, тым құрығанда ширек финалға шығуға мүмкіндігі бар.

Бірақ ол үшін жалпы алғанда Қазақстан да, билік те, бизнес пен қоғам да, тіпті ағалар да осы жаңа шынайы шындық жолында ағынан жарылып ақталмаса да, мұндай әрекеттерге араласуы керек екенін жақсы түсінуіміз қажет.

Біз соңғы 30 жылда екінші рет тәуелсіз мемлекет болып қана қоймай, аймақтағы негізгі ойыншылардың біріне айналу мүмкіндігіне ие болдық және бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Ол үшін барлық алғышарттар бізде жетіп жығылады, баршылық. Біріншіден, елімізде кез келген жерде тұруға мүмкіндігі бар, бірақ саналы түрде қалуды таңдаған озық, табысты адамдар жеткілікті. Жаңа еркін заманауи мемлекет идеясы елден кеткендердің басым көпшілігін кері қайтаратын болады. Екіншіден, тоқсаныншы жылдардың аяғында билікке келген, алдағы 20 жылға арналған экономикалық реформалар бағдарламасын қолға алып, «нөлдік» жылдардың басында биліктен шеттетілген, «алданған ұрпақ» әлі қартая қойған жоқ. Мұндай ұрпақ іргелі ел болу арманынан айырылды, алайда ондай асқақ армандар халық көңілінен өшкен жоқ,  демек оны іске асыруға мүмкіндіктері бар. Бұл посткеңестік елдер үшін ерекше құбылыс, сол себепті мұндай көріністі кәдеге жарата білуіміз қажет болады.

Ол үшін қазіргі билікті тақтан тайдырудың қажеті жоқ, яғни өзге балама жолдың бұдан да сорақы болатынына сендіріп, қудаламауға кепілдік берудің өзі жеткілікті. Сайып келгенде 98-ші жылы Назарбаев та жас түріктерді жетіскенінен шақырған жоқ. Елді бей-берекетсіздіктен алып шыға алатын, өз ісінің шебері, не істеу керектігін білетін адамдар билікке шарт қоя алатын болады. Бізге ауылдық кеңес төрағасынан бастап премьерге дейін, кәсіпкерден олигархқа дейін басқарушылық және бизнес элитаның әрбір бөлігіне сенімді дәлелдер қажет болады. Айталық, Маск — жаңа формация миллиардерінің үлгісі болып табылады, бұл ретте Forbes-тегі деректер емес, оның әлемге әкелетін өзгерістері әлдеқайда маңызды болмақ. Осы көріністердің аясында сарайлар, яхталар, тіпті қайырымдылық қорлары жүдеу көрінетіні белгілі. Ендігі жерде Безос пен Брэнсон өздерінің ғарыштық бағдарламаларын іске қосуда. Міне, осы жерде біз де осыған ұқсас дүниелерді табуымыз керек. Үлкен, қомақты ақша енді керемет бір сән-салтанат саналмайды. Ықпал ете білу,  армандай білу – тамаша, еліңнің қалыптасуына мүмкіндік жасау – бұл да керемет, ғажайып құбылыс. Ал, бұған қол жеткізу үшін бізге мүлде өзге ағалар қажет.

Карлыгаш Еженова




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *