Қазақстанның Ұлттық қорында қанша қаржы бар екені айтылды - Exclusive
Поддержать

Қазақстанның Ұлттық қорында қанша қаржы бар екені айтылды

Ұлттық банк Қазақстан Ұлттық қоры активтерінің көлемі туралы ақпарат жариялады.

Ведомствоның баспасөз қызметі шілде айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі 53,3 миллиард долларды, 31 тамыздағы жағдай бойынша 53,8 миллиард долларды құрағанын хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін аудару ұсынылады. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Мұқият пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу тапсырылды, – деп хабарлады ведомство.

Президент өз жолдауында балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын арнайы жинақтаушы шоттарға аудару бастамасын ұсынды. Жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталады.

Кейінірек мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ұлттық банк пен Үкіметтің есептеулері бойынша, жыл сайын елде орта есеппен 400 мың бала дүниеге келетінін ескере отырып, 18 жасқа толғанда жеке шотта кем дегенде 3 мың доллар жиналатынын хабарлады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *