Қазақстанның бірнеше облысында қатты құрғақшылық болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері шілдедегі құрғақшылыққа болжам жасады.
Болжамға сәйкес, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей маңында және Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы күтіледі.
Сондай-ақ, құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болады деп болжанды.
Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдық жағдайы нормаға жақын. Құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет