«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылады – Тоқаев
«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтауында айтты.
– 21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!, — деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Президент еліміздің мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтай отырып, тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды тапсырғанын айтты.
– Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім, — деді Тоқаев.
Фото из открытых источников
Комментариев пока нет