Қазақстанның шахмат құрамасы Олимпиадаға мемлекеттік тусыз шықты - Exclusive
Поддержать

Қазақстанның шахмат құрамасы Олимпиадаға мемлекеттік тусыз шықты

Үндістандағы Халықаралық шахмат олимпиадасында қазақстандық құрама мемлекеттік тусыз парадқа шықты.

Бұл туралы қазақстандық шахматшы, блиц бойынша әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Лиана Таңжарықованың айтуынша, 186 елден тек қазақстандық құрама мемлекеттік рәміздерсіз шыққан.

– ҚР құрамасының Олимпиадаға қатысуын ұйымдастыруға жауапты Қазақстандық шахмат федерациясы мемлекеттік туды қажет деп санамады, ұмытып кетті. 20 мың теңгені аяп, арнайы саботаж жасады. Қазақстан туын Бүкіләлемдік Олимпиада ойындарына апармады, – деп жазды чемпионның анасы.

Маусым айының басында Бибісара Асаубаева әйелдер құрамасының мүшелері Президент Әкімшілігіне федерацияға ақша сұрауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Шахматшының сөзін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, федерация президентінің орынбасары Дәрмен Сәдуақасов, тіпті құрама лидері Жансая Әбдімәлік те жоққа шығарды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.