«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» заңы жыл соңында күшін жояды
Жыл соңына дейін «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» заңының күші жойылуы мүмкін. Бұл мәселе профильді комитетте қарастырылып жатыр.
Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың мәліметінше, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы» заңның күшін жою мәселесі Мәжілістің Жалпы отырысының күн тәртібіне дауыс беруге қойылады.
– Депутаттарға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы» заңның тағдыры жөнінде көптеген сұрақ қойылуда. Бұл мәселе қазір профильді комитетте қарастырылуда.
Жылдың аяғына дейін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы» заңның күшін жою мәселесі Мәжілістің Жалпы отырысының күн тәртібіне дауыс беруге қойылады, – деп жазды депутат.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет