Қызылордада сәбиді құтқарған жасөспірімге 2 бөлмелі пәтер берілді - Exclusive
Поддержать

Қызылордада сәбиді құтқарған жасөспірімге 2 бөлмелі пәтер берілді

Қызылордада екі жасар баланы құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловқа екі бөлмелі пәтер берілді. Пәтер кілтін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тапсырды.

Өңір басшысы жас батырға ерекше алғысын білдіріп, пәтердің демеушілер атынан берілетінін атап өтті.

Қарапайым ауыл баласының бұл ерлігі өзі сияқты балаларға үлгі болсын, елде мұндай азаматтар көп болуы керек. Батылдық үшін алғыс білдіреміз. Сен нағыз батырсың, – деді Нәлібаев.

Еске салайық, Қызылордада екі жастағы бала кәріз құдығына құлап кеткен еді. Аманжолов баланың артынан төрт метрлік кәріз құдығына секірген. 15 жасар Арман Аманжолов – Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылының тумасы.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.