Үкімет басшысы қант мәселесі тұрақталды деп сендірді - Exclusive
Поддержать

Үкімет басшысы қант мәселесі тұрақталды деп сендірді

Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», Қант саласын дамыту мәселелері қаралды.

​​Премьер-министр қант өнеркәсібінің дамуы туралы мәлімдеме жасады.

– Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толтыру – біздің стратегиялық міндетіміз. Қалыптасқан жағдай кейбір тауарлық позициялар бойынша, әсіресе, қант нарығында проблемалардың бар екенін көрсетті. Біз қант тапшылығы мен оның қымбаттауына қатысты халықтың наразылығын көріп отырмыз, – деді Смайылов.

Смайылов қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету керектігін айтты. Сондай-ақ, елде қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды деп сендірді.

– Біздің алдымызда, бірінші кезекте, қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету міндеті тұр. Сондықтан егіс алқаптарын 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін, яғни 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қанттың қажетті қоры бар. Өңірлерде дүрлігуге жол бермеу қажет. Сондықтан қант бағасына қатысты түрлі манипуляциялардың алдын алып, алыпсатарлық әрекеттер мен қажетсіз делдалдарды анықтау қажет, – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.