Үкіметте күзге қарай ауыс-түйіс болуы мүмкін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Президент Үкімет жұмысына баға беріп, күз айында кадрлық шешімдер болуы мүмкін екенін айтты.
– Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда білімді әрі дарынды экономистер көп.
– Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті, – деді Тоқаев.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет