ҰҚШҰ әскері Армения мен Әзербайжан қақтығысына араласпайды - Exclusive
Поддержать

ҰҚШҰ әскері Армения мен Әзербайжан қақтығысына араласпайды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Хатшылығы 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында болған әскери қақтығыстарға қатысты ұстанымын жариялады.

Қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. ҰҚШҰ бұл жағдайда күш қолдану қолайсыз деп санайды.

– Қарама-қайшылықтарды реттеу үшін Әзірбайжан, Армения және Ресей басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы, 2021 жылғы 11 қаңтардағы және 26 қарашадағы мәлімдемелерінде бекітілген саяси-дипломатиялық әдістер мен уағдаластықтар ғана пайдаланылуы тиіс, – делінген хабарламада.

ҰҚШҰ Ресейдің атысты тоқтатудағы күш-жігерін бағалады. Ресей СІМ Армения мен Әзербайжанды жағдайдың одан әрі ушығуынан аулақ болуға шақырды.

– Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз, – делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Ереван бұған дейін Бакуді шекаралас қалаларға оқ жаудырды кінәлады. Әзербайжан Арменияны диверсия мен арандатушылық жасады деп айыптаған.

Армения көмек сұрап Ресейге, ҰҚШҰ-ға және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінді.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.