ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов туралы айтты
ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась ұйымның жақын арада бітімгершілік күштерін арттыру туралы жоспары жоқ екенін айтты.
Қазіргі уақытта бітімгершілік күштердің қатарында 3600 сарбаз бар.
– Бұл барлық басқа әскери күштерге де қатысты. Ұйымдағы күш кез-келген қауіп-қатерге қарсы тұру үшін жеткілікті, – деді Зась Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов туралы пікір білдірді.
Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметіне кіріседі.
– Иманғали Тасмағамбетов – басқарушылық және өмірлік тәжірибесі бар адам, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет