Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы ұсталды - Exclusive
Поддержать

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы ұсталды

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

– Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Тұрар Қазанғапов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.