Әбілов ҚР Бас Прокурорының орынбасарын жұмыстан босатуды сұрады - Exclusive
Поддержать

Әбілов ҚР Бас Прокурорының орынбасарын жұмыстан босатуды сұрады

«Elge Qaitaru» қорының басшылары Болат Әбілов пен Оразалы Ержанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

Олар президенттен бас прокуратураның арнайы комиссиясының басшысы Ұлан Байжановты қызметінен шеттетуді сұрайды.

– Бас прокуратура құрамындағы комиссияның жұмыс органының басшысы болып «Тимур Құлыбаев командасының» мүшесі Ұлан Сапарұлы Байжанов тағайындалды. Осыған байланысты Сізден Байжановты ҚР Бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі арнайы комиссиясының қызметіне басшылық етуден шеттетуді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Ұлан Байжанов қазір Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловтың орынбасары болып жұмыс істейді. Бұған дейін «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазкомерцбанк» АҚ, «Зерде ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басшылық қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ олар «ҚазМұнайГаз» компаниясының «Маңғыстаумұнайгаз» акцияларының 100% сатып алғанын, соның нәтижесінде Қазақстан 1,8 млрд долларға салықтан айырылғанын атап өтті. Әбілов пен Ержанов 1995 жылы Қарағанды металлургия комбинатын Үнді-Британдық бизнесмен Лакшми Митталға сатуды да заңсыз деп санайды. Қор басшыларының айтуынша, осы және басқа да көптеген ұрлықтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының қатысы бар.

Фото ашық деректерден




3 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Біздің билік әлге дейін неге назарбай кландарына тәуелді,жалтақ,бағынышты…астарында бір гәр бар емеспа екен…

  2. Біздің билік әлге дейін неге назарбай кландарына тәуелді,жалтақ,бағынышты…оларды мемлекеттік системаға жолатпау керек ,астарында бір гәп бар емеспа екен…
    Елімізде білімді жастар бар.Неге бұларды лауазымды,жауапкершілікті орындарға отырғызуға болмайды???