Әбжан қылмыстық ісі туралы: Бұл Антикор мен Сатыбалдының бұйрығы
Бүгін № 2 Сарыарқа аудандық сотында блогер Махамбет Әбжанның ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.
Бопсалау және жалған ақпарат таратқаны үшін қамалған блогер Махамбет Әбжан бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге және Ералы Тоғжановқа қатысты айғақ беруге мәжбүр еткенін мәлімдеді.
Махамбет Әбжан өзінің қамауға алынғанын Антикор мен Қайрат Сатыбалды тарапынан жасалған бұйрық деп атады.
– Тергеу барысында, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинге, бұрынғы вице-премьер Ералы Тоғжановқа және Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі Оразалинге және басқа да бірқатар шенеуніктерге қатысты айғақтар беруімді сұрап, қауіп төндірді, – деді Әбжан.
Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналисті 50 миллион теңге пара алған жерінен ұстады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпкерлердің бірінен 50 миллион теңге бопсалаған.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет