«Әдемі баяндайды екенсіз»: Смайылов Алматы әкімінің орынбасарын сынға алды - Exclusive
Поддержать

«Әдемі баяндайды екенсіз»: Смайылов Алматы әкімінің орынбасарын сынға алды

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтіп, 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов жыл соңына дейін негізгі капиталға ең кемі 18,5 трлн теңге инвестиция тарту қажеттігін атап өтті. 8 айдың қорытындысына сәйкес жылдық жоспар небәрі 52%-ға орындалған.

Сондай-ақ Смайылов Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы баяндамасын сынға алды. – Сіз мәселенің тігісін жатқызып, әдемі баяндайды екенсіз,, бірақ фактілер мен сандар басқаша “сөйлеп” тұр. Сіздің мәлімдеуіңізше инвестициялар бойынша нақты көлем индексі 100,1%-ды құрайды, ал, іс жүзінде өткен жылдың деңгейінде тұр. Бұл әлі күнге алға жылжу жоқтығын білдіреді, яғни өткен жылмен салыстырғанда өсім жоқ. Жұмысты күшейтіңіз. Сіздерде бірқатар инвестициялық жобалар тоқтап тұр. Оларды іске асыруды жеделдетіп, пайдалануға беріңіздер. Келесі жылды күтпей, биыл нәтиже көрсетуіміз керек, – деді Әлихан Смайылов.

Фото: Ukimet




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.