Әлімханұлы: Мен Чарло, Андраде, Канелоны жеңемін
Әлі күнге дейін жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде жеңістерін тойлауды бастайды. Бұл туралы ол The Ring-ке берген сұхбатында айтты.
– Қазақстанда менің әрбір жеңісім — бұл мереке, барлығы мені құттықтайды. Мен қуаныш әкелгеніме қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен әлі күнге дейін жеңісімді тойлағым келмейді. Мен чемпиондарды нокаутқа түсірген кезде тойлаймын. Чемпиондарды іздеймін. Менің келесі қарсыласым әлем чемпионы немесе танымал боксшы болады деп үміттенемін. Бокстың барлық жұлдыздарын нокаутқа түсіргім келеді, — деді қазақстандық боксшы.
Қазір Әлімханұлы кәсіпқой рингте 12 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. Қазақстандық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 21 мамырда Лас-Вегаста өткізіп, британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірді. Осылайша, WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атанды.
Мен [WBC титулының иегері Джермалла] Чарлоны және [WBO титулының иегері Деметриус] Андрадені нокаутқа түсіремін. Кейін [супер орта салмақтағы абсолютті чемпион] Канело мен [Дэвид] Бенавидесті жеңемін, — деді боксшы.
3 Комментариев
Талабыңа жет! Жәнібек!
Ассалаумағалайкум. Біз саған сенеміз. Алға, ЧЕМПИОН. Жұлдызын жаңа берсін.
Алға, ЧЕМПИОН. Қазақ стилі женнді.