«Өте маңызды»: Зеленский Ресейдегі өзге ұлт өкілдеріне үндеу жасады - Exclusive
Поддержать

«Өте маңызды»: Зеленский Ресейдегі өзге ұлт өкілдеріне үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский үндеу жасап, Ресейде тұратын өзге ұлт өкілдеріне Украинадағы майдан даласынан тың ақпарат берді.

– Қазір мен Киевтегі 1860 жылдары Дағыстанның және бүкіл Кавказдың батыры имам Шамиль өмір сүрген бөлігінде тұрмын. Көріп отырғаныңыздай, Украина батырларыңызды құрметтей алады. Біз халықтарымыздың мәдениетін біріктірген жерлер туралы естелік сақтаймыз. Бұл – елордамыздың ең орталығы. Ресей билігі зымырандар, бомбалар мен әскерлер жіберетін Украинаның жүздеген қалаларының бірі. 218 күн бойы қорғанып жатырмыз. Бұл Ресей тарапынан жасалған қылмыстық соғыс. Біз өз халқымызды және Украинаның тәуелсіздігін қорғау үшін бәрін жасаймыз. Бұл біздің қасиетті міндетіміз. Ата-анамыздың алдындағы борыш. Халқымыз бен кейінгі ұрпақ алдындағы борыш. Бізге бөтен жердің қажеті жоқ Украинада 58,5 мың ресейлік сарбаз қайтыс болды. Олар бізді өлтіруге келіп, өздері жер жастанды. Алты мыңға жуық сарбаз қайтыс болды деп өтірік айтады. 58 500 адам! Бұл шындық. Олардың барлығы осы соғысты бір адам ғана қалағандықтан қайтыс болды. Кавказ халықтары! Ресейдегі барлық халықтар! Сіздер Украинада өлмеулеріңіз керек. Сіздің ұлдарыңыз Украинада өлмеуі керек. Сізде мұндай жауапкершілік пен міндет жоқ. Мұны білесіздер. Ресей билігінің әскери жұмылдыруына қарсы тұрғандарыңызды білдік, – деді ол.

Сондай-ақ, Ресейге өркениетті елдердің бәрі қарсы екенін айтып, жұртшылықты ақиқат жағында болуға шақырды.

– Ресей мағынасыз соғысты аяқтаудың орнына, қаза тапқандардың орнына жас сарбаздарды жіберуге тырысады. Олардың барлығын не күтіп тұр? Жауабын білесіз. Украина қорғанысты жалғастырады және соғыста жеңіске жетеді. Өйткені біз өз жерімізде тұрмыз. Ақиқат біздің жақта. Бүкіл өркениетті әлем бізбен бірге. Біз планетадағы кез келген халық үшін, өмір мен бостандық үшін, отбасыларымыз үшін, балаларымыз үшін, бақыт құқығы үшін күресеміз. Ресей жалғыз қалды. Қазірдің өзінде оқшауланған. Кремль имам Шамильдің қанатты сөздерін білмейтін сияқты. Ақиқатқа қарсы шыққан адам, жер жастанады. Бірақ оның бұл сөздерін Кавказда білуі керек. Өлмеу үшін күресіңіз! Ресей билігі ішінара жұмылдырудың келесі толқындарын бастаған кезде өз бостандығыңызды көшелер мен алаңдарда қорғаңыздар. Олар тек 300 мың адамды алады дегенге сенесіз бе? – деді Зеленский.

Украина президентінің айтуынша, дағыстандықтар, шешендер, ингуштар, осетиндерге Украинадағы соғысқа қатыспауы тиіс.

– Украинада әртүрлі аймақтардан қаза тапқан орыс солдаттарының мыңдаған денелері қалады. Әлемде қайтыс болған сарбаздарының денелерінен құтылу үшін жылжымалы крематорийлерді алып жүретін жалғыз армия. Бірақ қазір олардың шегінгені сонша, тіпті танктері мен реактивті артиллериянын тастап қашып жатыр. Сіз тек не болғанын ойлаңыз! Біз қазір Ресей азаматтарына арнайы тезисті жеткізу бойынша ақпараттық жұмысты бастауға мәжбүрміз: ең болмағанда атыңыз бен тегіңіз жазылған татуировка жасатыңыз. Сонда біз туыстарыңыздың сізді қалай табуға болатынын білеміз. Ресей билігі бұл соғысқа адамдарды сарбаз белгілерінсіз, көбінесе құжаттарсыз жібереді! Мұнда қанша адам өлгені туралы өтірік ақпарат беру үшін мұны әдейі жасайды. Міне олардың арнайы операциясы. Ішінара жұмылдырудың бірінші аптасында Ресейден ер адамдар қашып кетті. Кремль бұған қалай жауап береді? Ешкім бұндай масқара соғысқа қатыспауы керек. Дағыстандықтар, шешендер, ингуштар, осетиндер Украинада өлмеуі керек. Өмір сүргіңіз келетініне сенімдімін, – деді Зеленский.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.