Қуантыров халыққа артық шығынды азайтуға кеңес берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров азық-түлік пен тауарлардың қымбаттауына байланысты қазақстандықтарға артық шығындарды қысқартуға кеңес берді.
Министрдің айтуынша, артық шығындарды азайтып, үнемді болу керек. Бұл мәселе инфляцияға қатысты екені айтылды.
– Мүмкіндігінше, бюджеттер мен артық шығындарды оңтайландыру қажет. Мұндай кезеңдерден біз өткенбіз. Өкінішке орай, экономика циклді, мерзімді түрде мұндай сұрақтар туындайды. Біз қазір инфляция шыңында емеспіз, ондай уақыт 2015-2016 жылдары болды. Қазір, соңғы екі-үш аймен салыстырғанда, тұрақтануы керек деп ойлаймын. Тек күту керек, — деді Қуантыров.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет