Әйелдердің зейнетке шығу жасы төмендей ме? – ресми жауап - Exclusive
Поддержать

Әйелдердің зейнетке шығу жасы төмендей ме? – ресми жауап

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланып жатқанын айтты.

– Мәселе талқылау сатысында, мен бұл туралы айттым, – деді Ералы Тоғжанов Үкімет кулуарында.

Вице-премьер жыл соңына дейін әлеуметтік кодекс қабылданатынын, оның аясында зейнет жасын төмендету мәселесі қаралатынын атап өтті.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60 жас және алты айға дейін ұлғайды.

Әйелдер үшін зейнет жасын арттыру 2018 жылдан басталды. 2027 жылға қарай әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 жасқа жетеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *