Әскердегі өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құрылады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.
Айта кетейік, осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.
Комментариев пока нет