Өзбекстан президенті халқына референдум өткізуді ұсынды - Exclusive
Поддержать

Өзбекстан президенті халқына референдум өткізуді ұсынды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Конституцияға түзетулер бойынша референдум өткізуді ұсынды. Бұл туралы Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне хабарлады.

– Комиссияның ұсынысы негізінде Парламент әзірлеген жобаны қоғамдық талқылауда қарап, оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын, – деді Мирзиеев.

Ол қазіргі уақытта парламент Өзбекстан Конституциясына өз бетінше түзетулер енгізуге құқылы екенін атап өтті.

– Алайда, егер біз конституциялық реформаны референдум арқылы, азаматтарымыздың пікірі мен қолдауына сүйене отырып жүргізсек, онда бұл біздің халқымыздың ерік-жігерінің көрінісі әрі нағыз халықтық Конституция болады деп ойлаймын, – деді Өзбекстан басшысы.

Бұған дейін Мирзиеев Конституцияны 2022 жылдың желтоқсанына дейін жаңарту туралы бастама көтерген болатын. Мамыр айының соңында парламент негізгі заңға түзетулер енгізу үшін конституциялық комиссия құрды.

Айта кетейік, 5 маусым күні Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтті.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *