1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін жаңа Әлеуметтік кодекстің нормаларын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Смайылов кодекстің маңызды жаңалығының бірі – зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру екенін атап өтті. Биылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға өсетін болады.
Енді азаматтар өздерінің зейнетақы активтерінің 50%-ын сенімгерлік басқаруға беруге құқылы.
– 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағы 14,5%-ға ұлғаяды. Жалпы өсім 23%-ды құрайды. Мүгедектік медициналық мекемелерге міндетті түрде бармай-ақ және растау алмай-ақ, проактивті түрде белгіленетін болады. Қорытындыны тәжірибелі дәрігерлерден құралған тәуелсіз сарапшылар береді, – деді Әлихан Смайылов.
Оған қоса балалы отбасыларды қолдау үшін Алтын алқа, «Ана даңқы» және «Батыр Ана» наградаларымен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері сараланды.
Коллаж: Halyq Uni
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.