English version

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілмек

Контекст дня — 31 августа 2023 14:30
0 -1

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылған. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады.

«1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сыныптағы балалары тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ке артты.
2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын саралап арттыру жүргізілді» деді Смайылов.

Сондай-ақ биылғы жылдың басынан бастап Үкімет Отбасының цифрлық картасын енгізді.
500 мыңнан астам қазақстандыққа проактивті әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.