1 жыл бойы зорланған 8 жастағы баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты
Қызылордада 5 бала 8 жастағы ұлды 1 жыл бойы зорлап келген.
Қорлық көрген баланың анасы Жанна Сәрсембаева «1001 түн» бағдарламасына байланысқа шығып, жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын айтты.
– Бұл оқиғаны бала өз аузымен айтқан жоқ. Бала туған інісі осындай жағдай болып жатқанын көріп қалған. Бұл оқиғаны інісі айтып берді. Үйде демалып жатқанымда үлкен ұлым інісін шақырып, жыныс мүшесі туралы айтқанын естіп қалдым. Екі балама ұрсып, мұны қайдан үйренгендерін сұрадым. 6 жастағы балам бүкіл мән-жайды іс-қимыл арқылы жеткізді. Көрші бала ағама осындай істеп жүр дегенді айтты. Мен ести сала, көрші үйге бардым. Анасы мен баласы үйінде екен. Баласын шақырып менің балаларыма не үйретіп жүрсің деп сұрадым. Бала 10-15 минутқа жетпестей бес, алты мәрте істедім деді. Ұлымды сабақтан кейін тастанды ғимаратқа ойнауға шақырып жүрген. Оған доп тебеміз, телефоныммен ойнатамын деп алдаған. Сосын көрші тұратын 5 бала ұлымның артына, ауызына мүшелерін тығып зорлап келген. Оны айтсаң, өлтіремін деп қорқытқан, – деді баланың анасы.
Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында екенін айтты.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет